Featured Video Play Icon

Ресейдің бұрынғы президенті Дмитрий Медведев психикалық ауруға шалдықты

Автор: редактор 05 Тамыз, 2022


Ресейдің бұрынғы президенті Дмитрий Медведев психикалық ауруға шалдықты

Алдымен ол Вконтакте желісіндегі аккаунтында «Қазақстан – жасанды ел, біз келмейінше тәртіп орнамайды!» деген жазба қалдырды.

9 минуттан кейін ол жазбаны өшірді.

Артынан көмекшісі Медведевтің аккаунты бұзылған деп хабарлады. Қандай шытырман детектив десеңізші.

Белгілі кәсіпкер, қоғам белсендісі Арман Шораев Медведевке жауап қайтарды. 

«Менің ойымша, біздің Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі мына ақымақтың кешірім сұрауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы тиіс. «Оны бұғаттады, бұл ол емес» дегендердің бәрі де бос сөз. Сендер менің халқымды құртпақ болдыңдар. Миллиондаған адамды өлтірдіңдер. Бірақ біз аман қалдық. Төтеп бердік. Осыдан Қазақстанға бір аяғыңмен кіріп көр, көресің!», – дейді Арман Шораев.

 Бірақ Кеңес Одағы өтірік утопия. Біз, қазақ жастары, оған ешқашан жол бермейміз. Өзіміздің тәуелсіз еліміз бар.