Сәлеметсізбе! Менің есімім Данияр. Қазір сізге қысқаша риэлтор жұмысы туралы айтып беремін.
Мен 3 жыл бұрын риэлтор болып жұмыс істей бастадым. Бұл жұмыстың негізгі мәні клиенттерге пәтерді сатуға немесе сатып алуға көмектесу болып табылады.
Риэлторлық компания қызметтері үшін сатушы мен сатып алушы төлейді. Орташа алғанда, риэлторлық компаниялардың комиссиясы сатып алушыдан 400 мың теңгені және сатушыдан 400 мың теңгені құрайды. Жеке, менің жағдайымда, табыстың 50%-ын компания, 50%-ын мен алдым.
Бұл жұмыстың артықшылықтарына жоғары табысты, коммуникативтік дағдыларға үйренуді және сауда мен сатылым саласында тәжірибе алуды жатқызуға болады. Ал кемшіліктерге тұрақсыз табыс пен тұрақсыз жұмыс кестесін жатқызар едім.
Біздің жастарға өздеріне ұнайтын жұмысты тауып, одан рахат алуды тілеймін. Үйде жатпаңыздар!