Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен болған оқиғаны бәріміз естідік. Оқиға Алматыда өтіп жатқан Naiza 49 турниріндегі Batyrball ойынында болды.
Эпизодтардың бірінде «Север-Юг» командасының мүшесі, бұрынғы боксшы Сәпиевке қарсы күрес қимылын жасап, шағын төбелес басталып, ол тез арада ажыратылды.
Алайда, кейінірек матч біткен соң тараптар киім ауыстыратын бөлмеде бір-бірімен қол алысқанда, төбелес қайта басталып кете жаздады. Нәтижесінде Сәпиев пен балуан қол алысып, тарап кетті.
Тағы бір чемпион Илья Ильин де төбелескен деген бейресми ақпарат бар. Бірақ ресми нұсқасы бойынша, ауыр атлет Илья Ильин 14 ақпанда, түнде Алматыдағы кафелердің бірінде денесін жаралап ауруханаға түскен. Ресми дерек бойынша, Ильиннің өзі құлап, бөтелке сынығына жарақаттанған. Ресми емес деректерге қарағанда оған пышақ тиген.
Олимпиада чемпиондары жарыстан тыс кезде нені дәлелдегісі келеді? Ол постолимпиадалық психологиялық травма белгілері болуы мүмкін. Психологтар үлкен аренада марапатталған адамның тыныш жүре алмайтындығын айтады.