Featured Video Play Icon

Сайлау: Үгіт-насихат жұмыстары қалай жүргізіледі

Автор: редактор 28 Ақпан, 2023


Сайлау: Үгіт-насихат жұмыстары қалай жүргізіледі

Үгіт жұмыстары 18 наурызда сағат 00.00-де аяқталады.

Кандидаттар үгітті төрт негізгі тәсілмен жүзеге асырылады. Олар: бұқаралық ақпарат құралдары, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамы сайлаушылармен жеке кездесуі, аудиовизуалды және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату, сондай-ақ онлайн-платформа арқылы насихатталады.

Сайлау алдындағы үгіт жұмыстары мемлекет есебінен және сайлау қорының қаражаты арқылы жүргізіледі.

Кандидатты насихаттау теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) 15 минут, радиода 10 минут және мерзімді баспа басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақала 0,1 баспа парақтан аспауы тиіс.