Featured Video Play Icon

Сатылым сарапшысы – сатылымға байланысты фильмдер үзінділерін рецензиялайды

Автор: редактор 12 Тамыз, 2022


Барлықтарыңызға сәлем! Менің есімім Дамир. Мен мемлекеттік сатып алумен айналасамын. Сонымен қатар сатылым саласының сарапшысышы болып табыламын. Бүгін біз сатылым және бизнес туралы фильмдерді қарап, оларды кәсіби көзқарастан талқылаймыз.

Бірінші фильмге көшейік

Бұл шыныменде жұмыс істейтін тәсіл. Сатушылар тауарды сату үшін оған деген сұранысты жасайды. Осы фильмнің кейіпкері жасағандай. Бұл тәсіл жұмыс істейді, дегенмен қазіргі уақытта бірінші ретте сатушының ынтасы және табандылығы сияқты жеке қасиеттер бағаланады. Осыған мысал ретінде Apple компаниясын алуға болады. 10 жылдай бұрын ешкім сымсыз құлаққаптар мен қол сағаттарын қолданам деп ойлаған емес, дегенмен қазір көпшілігіміз күнделікті қолданамыз.

Келесі фильмге көшейік

Ия шынымен де, мемлекеттік сатып алуда заңды тұлға болып табылатын әрбір ЖК мен ЖШС басшылары барлық мемлекеттік сатып алуларды көре алады және оларға қатыса алады. Бұл жағдайда фильмнің кейіпкері үлкен мәмілелердің артынан қуаламай, кішігірім мәлімелерді аңдитынын айтады. Осындай әдісте сіз аз табысты шағын мемлекеттік сатып алуларды қамтып, мөлшер арқасында табысқа шығасыз. Шағын тендерлерде де үлкен бәсекелестік болады, бұның себебі мемлекеттік сатып алулармен айналыса бастайтын адамдардың көпшілігі кішкентай капиталмен бастайды. Яғни олар бюджеттеріне байланысты шағын тендерлерге қатысады.

Келесі фильмге көшейік

Шынымды айтсам, егер қазіргі уақытта қандай да бір адам басшыға қалам сатып алу туралы ұсыныспен келсе, оны бірден қуып тастайды. Фильмге тоқталсақ, бұл жерде қалам сатып алуды ұсынған адам басшыны идеямен қызықтырды. Сондықтан әңгіме жалғасуда. Әрі қарай не болатының көрейік. Мұнда қаламдармен идея тамаша болды. Осы компанияның өкілін қаламмен қызықтырған кейіпкер, бұл кейсті алдын-ала мұқият зерттеді. Қытайлықтардың делегациясы келетінін біліп, өзін көрсетуге жақсы мүмкіндік бар болғаның түсінді де, идеясын жүзеге асырды. Қытайлықтар – бұл түрлі кішігірім нәрселерге, ұсақ-түйектерге назар аударатын алды-артын ойлайтын адамдар. Бұл жағдайда кейіпкер қытайлықтарға осы компания олардың ресурстарын үнемдейтінін көрсету үшін компанияға екі арзан қалам сатады. Екінші сәт – қаламдардағы пастаның таусылғаны, бұл қытайлықтарға осы компанияның өкілдері келісім-шарттарға жиі қол қоятынын көрсетеді. Бұл байқалмай қалмады және осының арқасында қытайлықтар келісім-шартқа қол қояды, ал сатушы қаламдарды сату арқылы өзін көрсетеді. Жақсы мысал.

Келесі фильмге көшейік

Бұл фильмде сатудың керемет үлгісі көрсетілген. Сатушының сөйлегені, интонациясы және мамандануы жоғары деңгейде. Бірақ, басында Леонардо Ди Каприо клиенттің сөзін бөледі, бұл дұрыс емес. Себебі шын жағдайда егер сіз сатылым кезінде клиенттің сөзін бөлсеңіз, ол сізден тауарды сатып алмайды. Ең алдымен, сіз клиентті тыңдап алуыңыз қажет, содан кейін ғана өзіңіз сөйлейсіз. Бұл өте маңызды қарапайым этикет. Әрі қарай Леонардо Ди Каприо сатылым кезеңдерінің ретін сақтамайды. Сату кезеңдері, скрипт бұл сатудың негізі. Оның көмегімен сіз клиентті сатып алуға итермелейсіз және мәмілені жабасыз. Мұнда бұл сақталмады, тіпті қажеттіліктерді анықтау, қарсылықты пысықтау сияқты кейбір кезеңдер жіберіп алынған. Бұл жағдайда тек презентация бар.

Соңында айтар сөзім – сатылымды үйреніңіздер, бұл бизнесте де, басқа салаларда да өте қажетті нәрсе. Фильмдерді қараңыздар, үйде жатпаңыздар!