Сәлеметсіз бе! Менің есімім — Дана Шаяхмет. Мен урбанистика, жастар мен креативті индустрия саласындағы зерттеушімін.
Көпшілік үшін бұл өте қызықсыз болып көрінуі мүмкін. Бірақ әсте олай емес.
Көптеген адамдар зерттеушілерді кабинетте отырып, кітап жазатын, сол кітабы кітапханаға қойылатын профессорлар деп ойлайды.
Шын мәнінде, зерттеу әлемі өте қызықты, динамикалы болып келеді. Мысалға, бұрын 20-шы ғасырдың аяғына дейін зерттеуші өз ойларын кітапта баяндады. Ол басылғанша 2 жыл өтеді, кейін ол таралғанша тағы 5 жыл өтеді. Содан кейін басқа зерттеушілер, ғалымдар, профессорлар оны оқып, пікір айтқанша тағы 2 жыл өтеді. Осылайша, дискурс пен талқылау 10 жылға созылуы мүмкін.
Қазір жағдай мүлдем өзгеше. Біріншіден, ешкім дерлік кітап шығармайды, адамдар ғылыми-зерттеу мақалаларын жариялайды. Осы мақалалар арнайы ғылыми журналдарда сақталады және бұның барлығы онлайн түрде. Яғни, сен кез келген сәтте Google Scholar-ға кіріп, өзіңді қызықтыратын тақырыпты қарай аласың. Қазіргі уақытта қандай мәселені кім талқылап жатқанын біле аласың.
Өткен ғасырдың 70-80-ші жылдарында ғылыми-зерттеу саласында үлкен өзгеріс болды. Бұрын зерттеулерде «мен қандай да бір мәселені зерттеймін және оны зерттеуде жай ғана сырттан қараймын» деген түсінік болған. Бірақ 70-80 жылдары зерттеушілер процесстерге белсенді қатыса бастайды. Бұл зерттеушілер мен урбанистер тобы Американың қолайсыз аудандарын зерттегеннен басталды, олар жай ғана бақылау қиын екенін, осы жағдайға қандай да бір жолмен әсер еткілері және де адамдарға көмек көрсеткілері келетінін түсінді.
Бұрын зерттелетін объектіге қандай да бір әсер ету этикалық жағынан дұрыс емес деп саналған. Бірақ адам ретінде сізден қандай да бір әрекет күтілетінін түсінгенде, ең алдымен зерттеуші ретінде емес, адам ретінде сіз сол әрекетке барасыз. Бұл Actual research немесе «әрекеттегі зерттеу» деп аталады және де бұл зерттеушілер зерттеулерін жүргізіп, кейін жасаған тұжырымдары немесе ұсынымдары шынымен де қолданысқа енгізіле алатындығы туралы ұғым. Айталық, қандай да бір бизнес-процестерді зерттеп, онда сатуға деген көзқарасты өзгерту керек екенін түсіну. Бұны жақсы зерттеуші жасай алады.
Немесе білім беру жүйесін алайық. Қазір біз университеттеміз, себебі мен басқаратын креативтік индустрия орталығы университеттің тұсында. Оқу процесіне көзқарасты өзгерту қажет екенін түсіну, геймификацияны енгізу. Бұл жерде «Бұны қалай істеуге болады?» деген сұрақ пайда болып, адамдар геймификацияның қандай әдістері бар екенін зерттей бастайды. Бірақ олар зерттеді, жариялады және ұмытып кетті дерлік. Ондай көзқарастан ешқандай пайда шықпайды.
Ойларымды, жұмыс барысында жасаған тұжырымдарымды қандай да мемлекеттік мекемелердің жұмысына енгізе алатындығым мені қатты шабыттандырады.
Мен креативті индустрия саласында өте белсенді жұмыс істеп келемін және қазір бұл тақырып мемлекеттік деңгейде өте өзекті болып табылады. Жақында креативті индустрияны дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжат жазылған кезде «сіз зерттеушісіз, бізге көмектесе аласыз ғой» деп, маған шыққан адамның бар болғанына қуаныштымын. Жалпы, мемлекеттік органдардың өкілдері бұл тақырыптарды зерттейтін адамдар бар екеніне таң қалды. Шынымды айтсам, Қазақстанда да, Орталық Азияда да осындай зерттелуге қажет «ақ дақтар» өте көп. Бұл жерде ағылшын тілін жақсы білетін жастар әлемде не болып жатқанын оқи алады. Бізге ғылыми жаңалық туралы алаңдаудың қажеті жоқ, зерттеу әлемінде сен өзің қалаған нәрсені жай ғана зерттей алмайсың. Саған былай айтқанда «жиынға» кіру қажет, ол үшін «жиынға» ғылыми жаңалық әкелуің керек. Бізге бұл туралы жақындағы 10 жыл ішінде алаңдамауға болады. Себебі біздің ғылыми жаңалығымыз — Қазақстанда және Орталық Азияда ешкімнің «ештеңе» зерттемегенінде. Мен, әрине, «ештеңе» деп әсірелеп айттым, қазіргі уақытта әртүрлі салаларда өте қызықты әрі өзекті тақырыптарды көтеріп жатқан жас зерттеушілер көп, соның ішінде креативті индустрияда да осындай жастар бар. PhD-ді аяқтау үшін Қазақстанда докторлық диссертация жазып, қандай да бір таңдаулы ғылыми журналда жариялану қажет екені қатты қуантады. Бұл, белгілі бір деңгейді белгілейді және де қазіргі уақытта осындай жас зерттеушілер саны көбейіп келе жатыр. Біздің отандық ғылыми журналдарымыз да артта емес. Қазақстанның ғылыми журналдарында жариялануға қойылатын талаптар күрделене түсті, мен осыны соңғы 5 жылда байқап жүрмін.
Мен креативті индустрияның өзі және жалпы креативті экономика туралы айтып бере аламын. Бұл тақырып қазір өте өзекті және тұжырымдамада айтылғандай: шығармашылық хабтар құрылады, заңдарға қандай да бір өзгерістер енгізіледі және т.б. Бұл үшін көп ақша бөлінетін анық. Қазақстанда үнемі осылай болады, жаңа тақырып пайда болады да, оған ақша құйылады.
Менің зерттеулерім, менің әріптестерімнің зерттеулері кері байланыс тапқанын қалаймын. Менің ойымша бұл жүзеге асып жатыр, себебі өткен жылдың соңында ғана мені BTS-Education компаниясы шақырды, олар Павлодар облысының әкімшілігімен бірге Павлодардың креативті индустриясын картаға түсіруді шешті. Бұл өте керемет тәжірибе болды — мен Қазақстандағы жағдайды көрдім. Жалпы, креативті индустрия және осы салада жұмыс істейтін адамдар, олар өте идеялы адамдар және менің ойымша, олардың ақша жасауға деген көзқарасы басқаша. Бұл салада этикалық деңгей өте жоғары болып келеді.
Бұл саламен көптеген жастар айналысады. Өткен ғасырларда сізге шығармашылығыңызды көрсету үшін, ең алдымен, классикалық аспаптағы музыкант немесе суретші болуыңыз керек еді, яғни нақты шектеулі нұсқалар болды. Суретші болу үшін сіз бояуларды араластыруды, қылқаламмен жұмыс істеуді білуіңіз керек болған, 30 жыл бойы суретшінің көмекшісі болып жұмыс істеп, содан кейін ғана өзіңіз суретші бола аласыз. Яғни, бұрын қылқалам мен музыкалық аспаптар шығармашылық аспаптары болған. Бірақ қазіргі заманғы суретшілердің қылқаламдары — бұл технологиялар. Яғни, фотоаппараттар, компьютерлер және басқа да керемет гаджеттер. Өте күшті кадрларды түсіретін дрондар. Әлбетте, жастар бұл технологияларды тезірек игереді, сондықтан креативті индустрияда жастар көп. Ал Қазақстанда жастар саны 30% — дан асады. Осының арқасында Қазақстан экономикасының даму әлеуеті зор екеніне шынымен сенемін және бұл туралы барлық жиындарда, жиналыстарда, сонымен қатар өз жарияланымдарымда да айтуға тырысамын. Мен бұл туралы зерттеуші және қоғам қайраткері позициясынан ой толғаймын.
Жалпы, менің ойымша, қазір байланысты мамандықтар уақыты келді, қазір жай дәрігер де жоқ, тіпті мен барып жүрген дәрігерім, өз инстаграмын белсенді жүргізеді. Мен оны үнемі тыңдаймын, бұл мені қызықтырады. Ол өзінің тар шеңберлі мамандандырылған мамандығымен ғана емес, сонымен бірге басқа дәрігерлерден сұхбаттарды алады, яғни ол өзінің процесіне басқа салалардағы әртүрлі сарапшыларды қосады. Бірақ дәрігер тар шеңберлі мамандандырылған мамандық болып көрінеді. Яғни, зерттеуші болуым қоғам қайраткері болуыма еш кедергі жасамайды. Осы бейнероликті қарап жатқан адамдарға айтарым, әртүрлі мамандықтарды араластырудан қорықпаңыз, сізді қызықтыратын нәрсені табыңыз, 2-3 болса да өзіңізге қызықты секторларды табыңыз. Менің ойымша, бұл ең қызықты жағы болады және әртүрлі білім алуға қорықпаңыз. Жалпы, мектептен кейін мен өнер академиясына түстім, содан кейін одан бас тартып, саясаттану мамандығын бітірдім. Себебі маған қоғамдық жұмыс көбірек ұнады. Бірақ магистратураны графикалық дизаин бағытында бітірдім, және менің ойымша, бұл өте жақсы тәжірибе болды. Ал қазір мен мемлекеттік жергілікті басқару бойынша докторантураны бітіргелі жатырмын. Мен осы бағытта өзімді жүзеге асыра алатыныма қуаныштымын. Мен storitelling, Idea Generation және Critical thinking бойынша сабақ беремін, және менің ойымша, менің шығармашылық бэкраундым, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу үшін оларға беретін жаттығуларымнан көрінеді.
Мен оларға көршісінің портретін салу тапсырмасын беремін және бұл өте қызықты тәсіл, сіз 1 минут ішінде салынған портретке қарап, «жоқ, бұл адамның өзіне ұқсамайды» деп ойлайсыз, бірақ бұл кем дегенде адамға ұқсайды, яғни бұның өзі жаман емес. Барлығы кішігірім алғашқы эскизден басталады. Мона Лизаның өзі қысқа мерзімде жазылмаған. Жалпы әртүрлі мамадықтарды араластырып өз орныңды табуға болады.
Көрермендерге менің тілегім: «барлықтарына сәлем! Мен сізге өзімнің позитивті энергиямды жіберемін!». Бірақ бірінші кезекте өз арманының артынан бару керек деп айтқым келеді. Егер қандай да бір кедергілер болса да, оларды аттап өтіп, сізді қызықтыратын нәрсеге қарай жүріңіз. Себебі мамандықты таңдау — бұл өмірлік жар таңдау сияқты. Егер де бұл мамандықты біреудің айтуымен таңдаған болсаңыз, кейін оны тастағыңыз келеді.
Сізге ұнайтын нәрсенің артынан барсаңыз, ақша сізге өзі келеді, бірақ керісінше жүргенде сәтсіздікке ұшырау мүмкіндігі өте жоғары. Арманыңызға қарай барсаңыз, сонда жақсы табысқа шыға аласыз. Үйде жатпаңдар!