Қазақ музыканты ол қаржыны тележүргізуші Маша Ефросинина негізін қалаған “Маша қорына” аударды.
Жақында Скриптонит Алматыда концерт беріп, шара басында «Қаңтар оқиғасы» құрбандары мен Ресейдің Украинаға шабуылы салдарынан қаза тапқандар рухына арналған бір минут үнсіздік жариялады.
Бұл оның тосын сыйы болды. Өйткені әнші осы уақытқа дейін Ресей әскерлерінің Украинаны басып алуына қарсы өз көзқарасын ашық білдірмеген еді.
Скриптониттен түскен қаражат №9 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығына, Киев аймақтық қиылыс орталығы мен Херсон қалалық балалар мен ересектерге арналған клиникалық ауруханасына дәрі-дәрмектер сатып алуға жұмсалды.