Featured Video Play Icon

Спидкубинг деген не? Рубик текшелерін жинаудың қандай артықшылықтары бар?

Автор: редактор 08 Шілде, 2022


Сәлеметсізбе! Менің есімім Арман. Мен спидкубермін.

Спидкуберлер – Рубик текшесі мен басқа да оған ұқсас жұмбақтар түрлерін жылдам жинаумен айналысатын адамдар. Осындай жүмбақтарға тек қана текшелер емес, пирамидалар, мегаминкс және т.б. жатады.

Мен спидкубингпен 5 жылдан артық айналысып келемін. Рубик текшесін жылдамдыққа жинауды мектепте оқыған кезден бастадым.

Сондай-ақ, мен бастауыш сыныпта оқитын балаларға спидкубинг бойынша мастер-классдарды өткіздім. Менің ойымша, мектеп оқушыларының осындай нәрсемен әуестенуі өте маңызды. Себебі спидкубинг адамның ақыл-ой қабілеттерін ғана емес, сонымен қатар ұсақ моториканы және әртүрлі мәселелерді жылдам шешуді дамытады. Бұдан басқа, айта кететінім, баланың қандай да бір нәрсемен айналысуы, қандай да бір нәрсеге құмар болуы өте маңызды. Сондықтан әрдайым жаңа нәрселеге үйреніп, дамуды тоқтатпаңыз.

Кубиктерді жинаңыздар! Үйде жатпаңыздар!