Featured Video Play Icon

Анастезия медбикесі болу үшін не істеу керек? Анастезия медбикесінің міндеттері қандай?

Автор: редактор 08 Қараша, 2022


Сәлеметсіздерме! Менің есімім Назира. Мен анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жұмыс істеймін.
Анестезиология бұл организмнің ауырсынуын басу туралы ғылым. Кез келген хирургиялық араласу кезінде біз хирургтарға адам организімін анестезиялауға көмектесеміз. Осы арқылы адамдар ауырсынуды сезінбей ұйықтап, ояна алады.
Мен Алматы медициналық колледжін бітірдім. Анестезиология медбикесі болу үшін колледжде оқып, анастезист курстарынан өту керек. Біз әр 5 жыл сайын медбике және анестезия медбикесінің сертификатын растаймыз. Сертификатсыз біз жұмыс істеуге құқығымыз жоқ, тіпті препаратттарға жақындауға да болмайды.
Жастарға айтқым келетіні: оқуға түсіңдер, сабақ оқыңдар, үйде жатпаңдар!