Featured Video Play Icon

Тендер деген не? Тендермен айналысып, қалай ақша табуға болады? Тендерге қатысу үшін не істеу қажет?

Автор: редактор 01 апреля, 2022


Барлықтарыңызға сәлем, менің есімім Дамир! Жасым 23-те, тендерлермен айналысамын және сонымен қатар Kaspi.kz-те электроника сатамын.

1. Өз бизнесіңіз туралы толығырақ айтып бере аласыз ба?
-Оны бизнес деп атауға келмейтін шығар. Негізі оны кәсіпкерлік қызмет деп айтуға болады. Тендер — бұл мемлекеттік сатып алу. Қандай да мемлекеттік мекеме тендерді ойнатқанда, сіз жеке кәсіпкер ретінде оған қатыса аласыз және осы тендерді жеңіп, тауар жеткізілімін жасай аласыз.
Kaspi.kz-те тауарларды сатуды, шартты түрде онлайн-нарық деп атауға болады, бұл жерде сіз өткізгіңіз келетін тауарды сата аласыз.

2. Компьютерлермен айналысу идеясы сізге қалай келді?
-Идея пандемия кезінде келді. Мемлекеттік мекемелердің онлайнға көшуіне байланысты, олардың көп мөлшерде компьютерлер сатып алатынын түсіндім. Ой сол кезде келді. Бірінші тендерімді құлаққаптар жеткізілімі бойынша жеңдім. Бұл мектепке арналған қарапайым құлаққаптар болды. Содан кейін мектеп маған моноблоктар, компьютерлер, ноутбуктер сияқты кеңсе жабдықтарын жеткізуге келісім-шарт жіберді. Жеткізілімді жүзеге асырғаннан кейін мұнда шынымен жақсы табыс бар екенін көрдім де, компьютермен айналыса бастадым.

3. Алғашқы тендерден қанша ақша таптыңыз?
-Бірінші тендерде қанша табыс тапқанымды айта аламын. Алғашқы тендер қаншаға ойнатылғанын және қандай табыс тапқанымды айтсақ. Бірінші тендерім 50 мың теңгеге құлаққаптар болды, ондағы таза табыс 35 мың теңгені құрады. Содан кейін маған 10 моноблок, 10 компьтер және 25 ноутбукке келісім-шарт жіберілді. Шарттың жалпы сомасы 7,5 млн теңгені құрады. Ал таза табыс шамамен 3 млн теңге болды. Бірақ Қытайдан жеткізілімге байланысты қиыншылықтар аз болмады. Сондықтан біз жоспарлағаннан аз табыс таптық. Менің табысым 1 млн 800 мың теңгені құрады. «Біз» деп айтқан себебім, бірінші тендерді достарыммен бірге жаптым. Бірақ бірінші тендерден кейін мен жалғыз жұмыс істей бастадым.

4. Тендерлер қиын ба?
-Тендерлерді мемлекетпен сауда-саттық, бизнес деп айтуға болады, бұл жерде сіз мемлекетіңіз үшін жеткізуші рөлінде боласыз. Қандай да бір мектепті, мемлекеттік мекемені алайық, мектептер барлық тауарларды, канцтауарларды, жиһаз және ноутбуктерді сатып алады. Бұның барлығы тендерлер арқылы сатып алынады, осы мемлекеттік сатып алулар арқылы Қазақстандағы әрбір ЖК немесе ЖШС мектеп үшін жеткізілім жасай алады. Яғни тендерлерге еркін қатыса алады және де қазіргі уақытта қатысу шарты жеңілдетілді. Сол арқылы тендерлермен айналысқысы келетін адамдар үшін жол ашылды.

5. Бізде компьютердің құрамдас бөлшектерін өндіретін Қазақстандық өндірушілер бар ма?
-Өкінішке орай, Қазақстанда компьютердің құрамдас бөлшектерін өндіретін зауыттар жоқ. Бұл өте күрделі процесс, сондықтан негізінен барлық зауыттар Қытайда шоғырланған. Бірақ сіз өзіңіздің отандық брендіңізді жасай аласыз, дегенмен бұл өнім Қытайда өндіріледі.

6. Компьютерді жинаған тиімдірек пе, әлде дайын түрде сатып алған тиімдірек пе?
-Әрине, өзіңіз жинағаныңыз тиімді, біріншіден, сіз өзіңіздің барлық сұрауларыңызды толығымен қанағаттандыратын, қуаты бойынша оптималды компьютерді жасай аласыз және ол үшін артық ақша төлемейсіз. Екіншіден, ішіндегі барлық құрамдас бөлшектердің жаңа екенін білесіз. Үшіншіден, бұл өзіңізге пайдалы болады, себебі сіз компьютерлерді жинауды үйренесіз, техника дүкеніне барған кезде тауарлардың сипаттамаларын біліп тұрасыз.

7. Құрамдас бөлшектер жақын арада қымбаттайды ма, әлде бағаның төмендеуін күткен жөн бе?
-Егер соңғы 3 жылдағы баға статистикасын алсақ, осы уақыт ішінде баға бірде-бір рет төмендеген жоқ, яғни баға үнемі өсіп келеді. Егер пандемия кезін қарастырсақ, сол уақытта компьютердің құрамдас бөлшектері оның ішінде видеокарталарды алсақ, олар 300-400% — ға дейін көтерілді, ал егер процессорларды және басқа бөлшектерді алсақ, олар орта есеппен 50-60% — ға көтерілді. Сондықтан, егер де сіз компьютерді алғыңыз келсе, оны бүгін сатып алыңыз.

8. Енді бастап жатқан кәсіпкерлерге кеңесіңіз?
-Бастап көруге кеңес берер едім, яғни қандай да бір қадам жасап көріңіз. Мысалы, егер қандай да оқытумен айналысқыңыз келеді десек, оған кішкене қадам жасаңыз.Егер бұл қадам жасағаннан кейін нәтиже болса, одан сәл үлкенірек қадам жасаңыз. Бір адамның дәйексөзі бар: “Адам нәтижеге жеткенде, осы істі бастамай тұрып бастан кешкен қорқыныштарына күледі” деген. Сондықтан бастап көріңіз, бәрі де ойдағыдай шығады.