Барлықтарыңызға сәлем! Аты-жөнім — Валентин Жаравин. Мен ораторлық шеберлік бойынша жаттықтырушымын. Адамдарды келіссөздер, коммуникация және өзін-өзі дұрыс көрсете білу арқылы ақша табуды үйретемін. Сонымен қатар мен ойын практигі болып табыламын. Адамдарды трансформациялық ойындар арқылы осы дағдыларға үйретемін.
1. Немен айналысатыңыз туралы айтып бересіз бе?
Мен қазір 25-темін. 5 жыл ораторлық шеберлікпен айналысып – сахнаға шығамын, адамдарды оқытамын, курстардан сабақ беремін, тәлімгерлікпен және т.б айналысып келемін.
Трансформациялық ойындармен 6 жыл айналысып келемін. Мен рөлдік ойындардан, мафиядан, әртүрлі қарапайым үстел ойындардан бастадым, уақыт өте келе «Денежный Поток» және «Денежный Поток Олигарха» ойындарына келдім. Қазір ораторлық шеберлік бойынша, өзімнің трансформациялық ойынымды әзірлеп жатырмын. Себебі ойын кезінде ақпаратты қабылдау әлдеқайда оңай. Сондықтан мен адамдарды трансформациялық ойындар арқылы оқытамын.
2. Неге осы бағытпен айналыса бастадыңыз?
Бұл бағытпен баяғыдан айналыса бастадым. Мен 19-20 жастарымда тегін мастер-класстарға барғанды ұнататынмын. Үнемі оларға қатысып, өзімді іздедім. Бір күні мен ораторлық шеберлік бойынша тренингке бардым да, бұл мені қатты қызықтырып, мен 5 апталық оқудан өттім. Нәтижесінде жаттықтырушының көмекшісі болып жұмыс істеуге қалдым. Кейін өз бағытым бойынша жұмыс істей бастадым. Бұл мені шынымен қатты қызықтырды. Көптеген адамдар өздерін 30-40 жасқа дейін іздейді, 50-де де өзін-өзі табатын адамдар бар. Бұл шынымен сенің бағытын екенін және бұл саған ұнағанын ұққан кезде, сен шынымен сол бағытпен айналыса бастайсын.
Ойындармен осыдан да бұрын айналыса бастадым. Мен өзім үстел ойындарының үлкен жанкүйері болып табыламын. Жалпы айналысқанды, ойнағанды ұнатамын және ойындарды өткізгенді ұнатамын.
3. Қандай қиыншылықтарға тап болдыңыз?
Оқытумен айналысуда, өз ісіңді алға жылжытуда туындайтын ең үлкен қиындық – бұл команда. Яғни, мен ұзақ уақыт бойы барлық жұмысты жалғыз жасадым. Өзім сатумен, әзірлеумен, жүргізумен айналыстым. Барлығын өзім жасап, көптеген кедергілерге тап болдым. Себебі саған маркетингпен, таргетпен айналысу қажет, баннер жасау керек. Бірақ сен осылармен айналысуға тиіс емессің. Осыған тым көп күш бағыттап, кейін өзін дамымайсың. Ең үлкен қиындық – істі алға жылжыту болды. Мен өкілеттікті беруге үйренгеннен кейін, осы жұмыстарды жасайтын адамдарды жұмысқа алдым. Қазір менде ассистент, маркетолог, таргетолог бар, командамен бірге істі алға жылжыту әлдеқайда жеңіл. Сондықтан бірінші реттегі қиындық бұл – команда.
Екінші қиындық – дағдыларды игеру. Біз қандай-да бір іспен айналыса бастағанда, көбіміз импостер синдромына тап боламыз. Бұл синдром көптеген адамдардың басынан өтті, менің де басымнан өтті. Мен істі алғаш бастағанымда «Мен адамдарға не үйрете аламын?» деген ой пайда болды. Бұл үлкен тәжірибені қажет ететін маңызды дағды болып көрінді. Сол кезде маған өте керемет сөз айтылды: «Сен дәл қазір қандай-да бір нәрсені білесін және осы біліммен басқа адамдармен бөлісе аласын. Өзінді бағалағаның бойынша белгілі бір соманы алып, адамдарға осы білімінді бере аласың». Сондықтан, бастапқы кезеңде ең бастысы – ештеңе білмейтіндігіңіз туралы ойларды жеңу. Өзің білетін, әрі басқа адамдармен шынымен бөліскін келетін нәрсе туралы айтсаң, сонда адамдар сені 100% байыппен тыңдайды. Осылай сен ақырындап көтеріле бастайсын және уақыт өте келе дағдылар мен құзыреттерін де өседі.
4. Қандай трансформациялық ойындарыңыз бар?
Негізгі 2 ойын бар, бұл – «Денежный Поток» пен «Денежный Поток Олигарха». Ойындардың негізгі идеясы – қаржы, қаражат табу, ақша қаражаттарын басқару және жалпы осыларға деген көзқарас. Бұл ойындарды өткізетін көптеген компаниялар бар және олар осы ойындардың көмегімен адамдардың оларға ақшалай салулар жасауын қалайды. Менің критерийлерім мүлдем басқа. Мен ораторлық шеберлік бойынша жаттықтырушы ретінде, адамдарды келіссөздерге, коммуникацияларға, байланыстарды қалай дұрыс түзу керектігіне үйретемін және адамдардың алға жылжуына жол бермейтін нәрселерді анықтауға көмектесемін. Біз ойынның көмегімен осы нюанстарды анықтаймыз, осыдан кейін оқушылар басқа адаммен қалай дұрыс қарым-қатынас орнатуды, онымен мәмілені қалай жасау керектігін, мәміле жасалуы үшін қандай келісім жасауға болатындығын және келіссөздер мен комуникация дағдыларының көмегімен қалай қаражат таба алатындығын түсінеді.
Ойында адамдар жүретін, фишкаларды лақтыратын және қандай да бір мәмілелер жасайтын кішігірім алаң бар. Ойын барысында адамдар өзін көрсете білуі қажет. Көптеген адамдар ойнаған кезде шын өмірлері, білетін нәрселері туралы ұмытып, жай ғана ойнай бастайды. Ойнаған кезде олар демалып, процеске толығымен кіреді. Қазір білім алып жатыр немесе оларға қандай-да ақпарат оқытылып жатыр деп ойламайды. Жай ғана ойынды ойнап, одан ләззат алған кезде, адамдардың көпшілігі ойында нағыз жағдайдағыдай әрекет ете бастайды. Менің міндетім – ойыншылардың стратегияларын, әрекеттерін, өздерін қалай көрсеткендерін бақылап, кейінірек оларға кері байланыс беру. Қай жақтарын жақсарту керектігін және оны қалай жасау керектігін талдау. Ойын барысында адамдар бір-бірімен коммуникация жасайды және осы арқылы өз дағдыларын дамытады. Жалпы ойындар осылай өтеді.
5. Осындай қызметпен айналысатын адам қанша қаражат таба алады?
Мен ораторлық шеберлік бойыша жатықтырушылық және ойын практигі бағыттары туралы айтып отырғандықтан, әр түрлі чектерге тоқталып өтемін. Алматыда ойын практикасының танымалдығы өсуде, қазірдің өзінде бірнеше ойындар бойынша шамамен 1000-ға жуық ойын практикалары бар. Ал жалпы алғанда, менің ойымша осындай ойын практикалардың миллионға жуығы бар.
Егер де, осы салада үнемі ойын өткізсең, 300 мыңнан – 1 миллионға дейін соманы оңай таба аласың. Егер адамдарға осындай практиканың құндылығын көрсете алсаң, онда бұл ақшаны табу өте оңай. Ал осыдан да көп қаражат тапқың келсе чекті көтеру қажет немесе сенің ойындарыңды өткізетін адамдарды жұмысқа алу қажет. Сонда сен әлдеқайда көп қаражат таба аласын.
Ал ораторлық шеберлікті алсақ, егер сенде оқыту дағдылары бар болса — чек 500 мыңнан басталады. Марафондардан, шағын топтық тренингтерден бастауға болады, сондай-ақ адаммен жеке жұмыс жасауға болады. Ең бастысы – өзіңді дұрыс көрсете білу. Әлеуметтік желілерді дамыту. Мен 500 мыңнан бастап деп айттым, бірақ қаншаға дейінгі соманы айтпадым, себебі бұл жерде барлығы командаға және шеберлікке байланысты. Егер сіз шынымен сауатты, әрі жақсы жаттықтырушы болсаңыз, онда адамдар сіздің оқытуларыңызға келеді де, сіз 1-2 миллион соманы оңай таба аласыз.
6. Біздің жастарға тілегіңіз
Енді бастап жатқан кәсіпкерлерге, студенттерге өзіңізге ұнайтын нәрсе тауып, сонымен айналысыңыз дегім келеді. Бала кезімнен бастап маған ойын ойнаған ұнайтын, ал қазір мен осы арқылы жақсы қаражат табамын, ештеңеге мұқтаж емеспін. Көріңіз, жасаңыз, сонда бастаған ісіңіз 100%-ға сәтті шығады!