Featured Video Play Icon

Ядролық физика және фильмдер

Автор: редактор 15 Шілде, 2022


Балықтарыңызға сәлем! Менің есімім Жандос. Мен реакторды басқару инженерімін. Бүгін біз ядролық физика туралы фильмдерді көріп, оларды талқылаймыз.

Біздің алғашқы фильміміз – «Марсианин»

Бұл айтқаны дұрыс. Плутоний тіпті ядролық қаруды жасауда да қолданылады және адамға плутониймен тікелей жұмыс жасауға болмайды
Мен айтып кетенімдей
Радиациядан қорғанудың 3 әдісі бар, олар – уақытпен қорғану, қашықтықпен қорғану және экрандау арқылы қорғану. Осында автор плутоний бар құрылғыда қолданылатын экранды сақтасақ, онда радиоактивтік сәулелену қаупін азайтуға болатанын көрсеткісі келді. Бұл құрылғыны жылу генераторы түрінде пайдалану үшін оны фольгамен орайды.

Келесі фильмге көшейік, бұл бізде «Халк»

Бұл жерде бәрі ертегі түрде көрсетілген, себебі гамма сәулелерімен сәулелендірілген кезде адам өмір сүре алмайды және Халк сияқты жасыл құбыжыққа айналмайды. Бұның бәрі ертегі, әсіресе осындай дозада.

Келесі фильм “Индиана Джонс”

Жылулық сәулелену

Халк фильмі сияқты осында да барлығы әсірелеп көрсетілген. Себебі ядролық қарудан зақымданудың негізгі факторлары – жылу сәулесі, соққы толқыны және енуші радиация. Бейнероликтің басында, Индиана Джонс ядролық қарудан қорғану үшін тоңазытқыш ішіне тығылуға тырысқаны көрсетілген. Мұнда жылулық сәулеленуі, яғни бәрі күйіп жатқаны, содан кейін соққы толқыны көрсетіледі.
Бұл жерде өте күлкілі көрсетілген, Индиана Джонс жасырынған тоңазытқыш жол жаққа ұшып шығады да, бірақ осылайша сақталып қалған басқа заттар жоқ. Кейін Индиана Джонс осы тоңазытқыштан шыққыны көрсетілген. Шындығында ол 3 рет қайтыс болып үлгерер еді.
Бірінші жағдайда жылулық сәулеленуден. Тоңазытқыштың балқып кету мүмкіндігі өте жоғары, себебі бірнеше мың келвиннің температурасына төтеп беру үшін тоңазытқыштағы болаттың қалыңдығы жеткілікті емес.
Екіншісі – соққы толқынынан, яғни тоңазытқыш басқа жиһаз сияқты жойылар еді. Ол осындай қашықтыққа ұшып кете алмайды және де Индиана Джонс тоңазытқыш ішінде жай ғана жаншылып кетер еді.
Үшінші – енетін радиациядан. Негізінен болат радиациядан, гамма-сәулеленуден және енуші нейтрондардан қорғаныс бола алады. Бірақ осындай қалыңдықта емес, себебі бұрын айтып кеткенімдей, тоңазытқыштағы болаттың қалыңдығы өте жұқа, сондықтан Индиана Джонст сәулеленуден қайтыс болар еді.

Соңғы ролик те «Марсианин» фильмінен алынған, онда ол үлдірді өмір капсуласына тартады

Жердің қысымын қалпына келтіреді.
Ауа қолайлы қалыпқа келеді.
Жердің радиоактивті күн желінен қорғайтын магнит өрісі бар, ал Марста электромагниттік өріс жерге қарағанда 2,6 есе әлсіз. Жерге қарағанда ауа әлдеқайда сиретілген болады, сондықтан ол осы өмірлік капсулада тіршілік үшін жарамды жердің атмосферасын жасауға тырысады.
Үлдір қысымдар айырмашылығын көтере алатындығын тексереді. Физика тұрғысынан қарағанда, жабысқақ лентамен және белдіктермен бекітілген үлдір қысымдар айырмашылығын көтере алады. Себебі Марстағы қысым жерге қарағанда бір атмосфераға ғана төмен.

Назарларыңызға рахмет! Фильмдерді қараңыздар, физиканы үйреніңіздер, сонда сіз осы фильмдердің авторлары сияқты қателіктер жібермейсіздер.