Featured Video Play Icon

Ғылыми-зерттеу институтында студенттерге жұмыс істеуге болады ма? Оқып жатқан жерде жұмыс істеудің қандай артықшылықтары бар?

Автор: редактор 21 Маусым, 2022


Барлықтарыңызға сәлем! Менің есімім Александра. Мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеймін.

Мен институтта екінші курстан бастап, шамамен 5 жыл жұмыс істеп келемін. Жұмыс пен оқуды біріктіре алған өте ыңғайлы.

Университеттегі жұмысымның арқасында, бакалавриат пен магистратуралық ғылыми еңбектерімнің негізгі бөлігін жаза алдым. Әрине, университет және әріптестерімнің көмегінсіз іс бітпес еді.

Жалғыз кемшілік ретінде күнімнің басым бөлігін университетте өткізетінімді айта аламын. Алайда, сен энергияңды, уақытыңды және ақшаңды оқудан жұмысқа дейінгі жолға жұмсамайсың. Мысалы, басқа жерде жұмыс істеген достарым жиі кешігетін немесе уақытында жету үшін көп ақша жұмсайтын.

Барлық студенттерге оқу кезінде жұмысты бастауды тілегім келеді. Жеке өзім, сіз оқып жатқан жерде жұмыс іздеуге кеңес беремін, себебі бұл өте ыңғайлы. Үйде жатпаңыздар!