Өз ісіңізде үздік болудың 5 жолы

Автор: Редактор 10 сентября, 2025


Уақытыңызды тиімді жоспарлап, мақсаттарыңызға жылдам жетіңіз!

1️⃣ — қадам. Уақытты дұрыс жоспарлаңыз

Кайдзен әдісіне сәйкес: 

— Күн сайын 1 минутыңызды қиын көрінетін істерге арнаңыз (кітап оқу, шет тілін үйрену). 
— Нәтижесінде, бір апта ішінде 7 минут жұмсау арқылы 7 күнде тұрақты дамуды көресіз. 
— 30 күнде бұл 30 минутқа дейін артады, ал алты ай ішінде күн сайын шамамен 3 сағат нәтижелі әрекет жасайсыз!

2️⃣ — қадам. Мақсаттарыңыздың тізімін жазыңыз

Зерттеулерге сәйкес, қағазға жазылған мақсаттардың орындалу мүмкіндігі 42%-ға жоғары. 

Мақсаттарыңызды қалай жіктеу керек: 

— Үлкен мақсатты 5-10 кіші мақсатқа бөліңіз. 
— Әр кіші мақсатты орындауға 3-5 қадам жасаңыз. 
— Мақсатыңызға қарай күнделікті 1-2 сағат жұмсап, оларды кезең-кезеңімен орындаңыз.

3️⃣ — қадам. Ерте ұйықтап, ерте тұрыңыз

— Таңертең ерте ояну арқылы күніне орта есеппен 2-3 сағатыңыз артық болады. 
— Бұл жылына шамамен 700 сағатқа дейінгі қосымша өнімділікке тең

Зерттеулерге көз жүгіртсек, ерте тұратын адамдардың 58%-ы күні бойы сергек әрі көңілді жүреді. Сонымен қатар басқаларға қарағанда жоғары табысқа жете алады.

4️⃣ — қадам. Спортпен айналысыңыз

— 30 минутқа созылған күнделікті жаттығу көңіл күйді 50%-ға жақсартады.
— Жаттығу арқылы миға баратын оттегі 30%-ға артып, ойлау қабілеті жоғарылайды.
— Аптасына 3 рет спортпен айналысу физикалық шыдамдылығыңызды 15%-ға еселейді.

5️⃣ — қадам. Миыңызды жаттықтырыңыз

— Күніне 20-30 минут кітап оқу ми белсенділігін 68%-ға арттырады.
— Логикалық сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу ми жұмысын 20%-ға жақсартады.
— Шет тілін үйрену нейрон байланыстарын 60%-ға дейін күшейтеді.

Ми жұмысын дамыту арқылы жұмысқа деген тиімділігіңізді 2 есе арттыруға болады.

Есіңізде болсын, мақсатыңыз айқын болса, жетістікке бір табан жақындай аласыз!

Осы орайда Абайдың:

Талап, еңбек, терең ой;
Қанағат, рақым, ойлап қой.
Бес асыл іс, көнсеңіз

деген өлең жолдары көкірегіңізге сәулелі нұр құйып, алға жылжуыңызға түрткі болары сөзсіз.


Читайте также