Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде электронды оқулық қолданысқа енгізіледі
Электронды оқулық жобасы өткен жылы қыркүйек айында Қазақстанның 11 мектебінде пилоттық жоба ретінде енгізілген. Онда жаңартылған бағдарлама бойынша, 3, 6, 8-сынып оқулықтарының электронды нұсқалары орналасқан.
Жаңа жоба сынақтан өткен мектептердің ұстаздары электронды оқулық пайдаланған уақыт аралығында оқушылардың сабақ үлгерімі жақсарғанын айтады. Бүгін мектептерге электронды оқулықтарды енгізу бойынша байқау басталды. Екі айға созылатын конкурс арқылы оpig.kz платформасын белсенді қолданған мектептер анықталады.