Жаңа Жолдау бізге не сыйлайды?
Ұлттық қор халыққа қызмет етеді және Қаңтар оқиғасына қатысқандар босатылады.
Бмыл Президент жолдау жасады. Ол бойынша, «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылады.
2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады.
Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады.
Сонымен бірге әйел адамдар 61 жастан бастап зейнетке шығатын болады. Ал ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңге болып бекітілді. Жергілікті жолдардың 95 пайызы жаңартылады.