Featured Video Play Icon

Жолдау грантқа өзгеріс енгізеді

Автор: редактор 06 Қыркүйек, 2022


Жолдау грантқа өзгеріс енгізеді

ҰБТ нәтижесіне қарай 30-дан 100%-ға дейін сараланған білім гранттары бөлінеді.

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты.

«Мемлекет ҰБТ нәтижелері мен өзге де көрсеткіштерге байланысты 30-дан 100%-ға дейін сараланатын білім гранттарын бөлуді жоспарлап отыр»

Оқуға жылдық 2-3% пайызбен жеңілдетілген несие де беріледі.

Бұл шаралар жоғары білімді мейлінше қолжетімді етеді, сондай-ақ қоғамдағы серіктестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын нығайтады.