Featured Video Play Icon

Өзінің спорт мектебін қалай ашуға болады? Қазақстан үшін жаңа спортты қалай көтеруге болады?

Автор: редактор 17 марта, 2022


1. Флаг-футбол деген не?

Флаг-футбол бұл шамамен 20 жыл бұрын жеке спорт түріне айналған америкалық футболдың жанаусыз түрі және де 2028 жылға таман оның жеке олимпиадалық спорт түріне айналуы көзделуде. Флаг-футбол 5-5-ке ойналады, ол толықтай жанаусыз болып келеді, тек қана лақтыру мен қағып алудан тұрады.

2. Америкалық футболдан айырмашылығы неде?

Айырмашылығын айтсақ, америкалық футбол — бұл жанаспалы спорт түрі, бұл дулыға, төсеніштер мен жақтаулар киген ойыншылар және көп жағдайда адамды тоқтату үшін оны жерге құлату, яғни оны «тэклдеу» керек. Ал флаг-футболда ойыншыны тоқтату үшін тек қана жалаушаны жұлып алу қажет. Бұл басты айырмашылықтар. Америкалық футбол 11-11-ге ойналады, ал флаг-футбол 5-5-ке немесе 7-7-ге ойналады, яғни бұл футбол көлемі жағынан әлдеқайда кішірек болып келеді. Шын мәнінде, айырмашылықтар әлдеқайда көп, мысалға америкалық футболдың ережелері 250 беттен тұрса, флаг-футболдың ережелері шамамен 200 беттен тұрады. Жалпы кішігірім айырмашылықтары көп, бірақ басты айырмашылықтары – азырақ адам ойнайды және ойыншыны тоқтату үшін жалаушаны жұлып алу керек. Болды осы ғана.

3. Ал қыздарға бұл спортпен айналысуға бола ма?

Қыздарға әрине ойнауға болады. Бұл біз білетініміздей, жанаусыз спорт түрі. Қазір ҰФЛ-да, бұл америкалық футболдың басты лигасы, қыздар үшін Азияға, Океанияға, Еуропаға арнайы гранттар бар. Флаг-футболмен айналысатын қыздардың кез-келгені ҰФЛ тарапынан Гарвардтан бастап ЮК юниверситиге дейінгі үздік университеттерге толық грантқа түсе алады, сол жерлерде флаг-футбол ойнауды үйренеді. Шын мәнінде, бұл үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Мысалы, біздің командамызда ең үздік ойыншылардың бірі қыз бала. Бізде 9-шы, 10-шы сыныптардың ұлдары бар болғаныменде, осы қыз 8-ші сыныпта оқи тұра шынымен де үздік ойыншыларымыздың бірі. Бұның себебі флаг-футболда саған ұлдарда басымдылығы болатын бұлшықеттермен жарысудың қажеті жоқ. Мұнда ең бастысы ойынды түсіну, білім және ептілік қажет, осылар бойынша қыздар ұлдардан артта қалмайды, сондықтан қыздарға осы спортты ойнауға кеңес беріледі.

4. Флаг-футболмен айналысу үшін адам қандай қабілеттерге ие болуы керек?

Флаг-футболмен кез-келген адам айналыса алады, артық салмағы бар адамдардан бастап, мүлде бұлшықеттері жетілмеген, күші жоқ адамдарға дейін ойнай алады. Себебі ойынның басты мәні — допты алып өту және бұл үшін ерекше ештеңе қажет емес. Ең бастысы ол ойынды түсіну, сондықтан кішкентай әрі арық болсаң да, толық әрі үлкен болсаң да, бәрібір «you welcome».

5. Арнайы форма бар ма?

Иә, арнайы форма бар. Бұл біз жаттығуларда беретін қарапайым жалаушалар мен доптар. Негізі кәдімгі спорттық форма ғана керек. Енді қазір біз балаларды толығымен киіндіруді жоспарлап отырмыз, тек аяқ киімді сатып алу керек болады, ал қалғанымен өзіміз жабдықтаймыз.

6. Айналыса бастау үшін қанша қаражат жұмсау қажет?

0 теңге, тек автобус абонементіне ақша жұмсау қажет болуы мүмкін. Егер негізгі жаттығулар осы алаңда өтетін болса, онда олар тегін, ал сонымен қатар TAMOS Education/TAMOS Family Club аумағында ақылы жаттығулар да бар, олар айына 20 мың теңге тұрады, бұл ақшаға сізге доп беріледі, сондай-ақ айдың соңында біз сізге дәл осындай допты сыйлыққа береміз, онымен сіз үйде жаттығасыз. Келесі айларда біз сізді біртіндеп киіммен жабдықтаймыз.

7. Қазақстанда флаг-футболдың командалары бар ма?

Мен Қазақстандағы ересектер арасындағы флаг-футболдың бірінші турнирін өткіздім. Бірақ бұл флаг-футболдық командалар көбінесе америкалық футбол командаларының базасынан құрылған. Әйелдер командалары да бар, олар да америкалық футбол командаларының базасынан құрылған. Алматыда америкалық футболдан 3 команда бар, 1 әйелдер командасы бар, сондықтан барлықтарына welcome.
8. Қазақстанда флаг-футболдан турнирлер өте ме?

Иә, турнирлер өтіп жатыр, біз оларды өзіміз
ұйымдастырамыз. Ересектер арасында қысқы турнир өтті, көктемгі турнир әлі болған жоқ. Қазақстан тарихындағы тұңғыш балалар матчы болды, біз халықаралық Тянь-шань мектебіне қарсы ойнадық, ол америкалық мектеп, американдық балалар болды. Өкінішке орай, біз ұтылдық, бірақ тек бір тачдаунмен ғана ұтылдық. Бұл өте күшті ойын болды, балаларға қатты ұнады. Америкадан көптеген экспаттарды шақырдық. Барлығы осы алаңда өтті, бәрі өте тамаша болды деп ойлаймын.

9. Спорт мектебін ашу үшін не істеу қажет?

Жаттықтырушыға оқу қажет. Қазақстанда емес, Америкада курстардан өткен дұрыс, қазір оқуды онлайн режимінде оңай өтуге болады, сонымен қатар бұл соншалықты қымбат емес.
Жабдыққа қаражат бөлу қажет, дегенмен біз өз коммьюнитиларымызға клубтарды арзан бағамен ашуға көмектесуге тырысамыз. Бірақ, мысалы, мен өзім ашқан кезде, бұл маған қымбатқа түсті, себебі ол кезде бірде-бір балалар командасы болған жоқ. Маған барлығын өзіме үйренуге, ізденуге, доп сатып алуға тура келді. Алдымен сапасы нашар қымбат доптар, сапасы нашар жалаушалар болды, яғни қателіктер көп болды, қателік жіберетін жерлердің барлығынан қателік жібердім, соған байланысты алғашқы айда шамамен 200 мың жұмсадым. Бұл өте ауыр болды, себебі әлі ешқандай демеушілік ақша жоқ болғандықтан, өзің жұмыс істеп тапқан ақшаны өзіңе емес, оны таныс емес балаларға жұмсадым, ал кейбіреулері тіпті алғашқы уақыттарда келмеді, бірақ кейін шығынсыз ұйымдастыра бастадым.
Қазір біз әйелдер командасын аштық, команданы ашуға мен көмектестім, серіктестерім мүдем қаражат жұмсамады, Instagram-ды ашты, мұның бәрі Кимэп Университетінің қолдауымен жасалды. Басқа да университеттерде әйелдер мен ерлер командалары болуын қалаймын, бірақ бұл әзірше тек талқылануда. Команданы ашып, Instagram-ды ашып, қыздардың арасында Instagram-да таратылды да, қазір енді 10 қыздан тұратын команда бар. Менің ойымша бұл өте тамаша. Жұмсалым 0 теңге, біз оларға 3 допты сыйға тарттық, өздері тағы 2 допты сатып немесе сыйға алды. Сондықтан кейбір жұмсалымдар 0 теңгеге шығыуы мүмкін.
Өз клубыма тоқталсам, басшысы мен боламын, балалар спортының басты идеясы да менікі, бізге Қазақстанның америкалық футбол федерациясы көмектесуге тырысады. Бірақ біздің федерациямыз қандай да бір түсініксіз спорт түрінің федерациясы сияқты кішкентай, сондықтан кез келген федерациялар бізден үлкен болады. Біз демеушілік көмек көп алмаймыз, Алматыда, Астанада мен сияқты интузиаст балалар да бар. Олар келіп, төрешілікпен көмектеседі, матчтарды ұйымдастыруға, жаттығуларды ұйымдастыруға, шетелдік жаттықтырушыларды шақыруға және тағы басқалармен көмектеседі.

10. Жаңадан бастаған спортшыға қандай кеңес берер едің?

Мен ең алдымен көп еңбектенуді ұсынар едім, себебі біздің спорт туралы барлық ақпарат ең алдымен YouTube, Instagram әлеуметтік желілерінен алынады және сіз мысалға Техастан кез-келген коучты оңай таба аласыз. Ол сізді тегін үйрете алуы да мүмкін, сізге қандай да бір тәсілдерді көрсетіп, тіпті университетке түсуге көмектесуі мүмкін, бұл жерде ең бастысы ол еңбек. Мысалға Украинаны алуға болады, олардың ойыншылары Америкаға барып ҰФЛ-да ойнады.
Сондықтан бәрі сіздің қолдарыңызда, бастысы еңбектену және де ешқашан түпкілікті мақсатты ұмытпау. Барлықтарыңызға сәттілік!