17 жасында батылдығы үшін “Нобель”сыйлығын алған Малала Юсуфзай туралы не біоеміз?

Автор: редактор 23 октября, 2023


17 жасында батылдығы үшін “Нобель”сыйлығын алған Малала Юсуфзай туралы не біоеміз?

📌 Малала Юсуфзайдың әлемге әйгілі болуы

📃 Малала Юсуфзай 1997 жылы Пәкістанның Мингора қаласында дүниеге келген. Оның әкесі — Пәкістан балаларының құқығын қорғаушы, мектеп директоры. Әкесінің осындай өмірлік ұстанымы қызының дүниетанымын қалыптастыруға әсер еткен.

2009 жылы жұмыс сапарымен Пәкістанға келген BBC журналисі Малалаға мұсылман қыздарының және өзінің өмірі туралы арнайы блог жүргізуді ұсынды. Малала бұл ұсынысқа бірден келісті және оның жазбалары тез арада танымал болды. Көпшіліктің жүрегіне жеткен шынайы жазбалары ағылшын тіліне де аударылды. Ол Пәкістандағы балалардың басынан кешіп жүрген қиындығы туралы, қыздар мен әйелдердің қысым көруі, талибтар қозғалысының ушығуы туралы жазды және бұл туралы бүкіл әлем хабардар болды. Әкесі қызының мұндай әрекетін мақтан тұтып, оған кез келген жағдайда қолдау көрсетіп, сенім білдірді.

Малала халыққа арнайы ескертпелерді Гүл Макаи атауымен («Василек») жариялады. Оның қатысуымен Пәкістандағы қыздар мен әйелдердің тағдырын сипаттайтын деректі фильм түсірілді, ал 2011 жылы Малалаға Ұлттық бейбітшілік сыйлығы мен Халықаралық Балалар бейбітшілік сыйлығы берілді. Осылайша Малала барлығына танымал болып, оның жанкүйерлері пайда бола бастады. Миллиондаған адам Малала Юсуфзайдың жаңа жазбаларын тағатсыздана күтті.

📍Қатыгез қастандық

2012 жылдың 9 қазанында Малала Юсуфзай мектеп автобусымен үйге қайтып келе жатқанында басына үлкен қауіп төнеді. Оқушылар отырған мектеп автобусын бетперде киген және қолдарында қаруы бар  «Талибат» тобының адамдары тоқтатып, шабуыл жасайды. Әскерилердің бірі автобусқа кіріп, барлық балалардан «Малала деген кім?» деп сұрап жатты. Малаланың кім екенін анықтаған соң, артынша талиб қызға оқ атады. Бұл оқтан Малала ғана емес оның артындағы екі қыз да жарақат алады. Дер кезінде ауруханаға жетікізілген Малала өлім аузынан аман қалады.

Сөйтіп ол Пешавар қаласындағы әскери госпитальға жеткізіліп, біраз уақыт комада жатады. Малаланың өмірін аман алып қалу үшін пәкістан үкіметі оны Ұлыбританияның ең үздік ауруханаларының біріне жеткізеді. Оған бірнеше операция мен емдік шаралары жасалды. 2013 жылдың 4 қаңтарында Малала Бермингемдегі ауруханадан шықты.

📍 Малаланың өміріне не үшін қастандық жасалды?

🗞️ Оның жазбалары, жұрт алдында сөз сөйлеуі талиптардың ашуына тиді. 2009 жылдың соңында пәкістандық әскерилер жоғары деңгейде талибтерге қарсы іс жүргізді, ал бұл қозғалыс олардың Сваттан кетуіне алып келді. Қызға қастандық жасамастан бұрын оған бірнеше рет ескерту жасалып, жазбаларын тоқтатуды талап еткен. Дегенмен әлемге әйгілі болған Малала Юсуфзай халқының өмірі туралы ащы шындықты жасырмады. 2013 жылы 16 жасқа толған күнінде (туған күнінде), яғни 12 шілде күні Малала БҰҰ штаб-пәтері Нью-Йоркте Пәкістан балаларының құқығын қорғап, жұрт алдында сөз сөйледі. Оның сөзі жоғары бағаланып, бүкіл әлемнің саяси қайраткерлері мен атақты адамдарының назарын аударды. Бұл күні қызға үлкен қошемет көрсетілді.

1 жыл ішінде Малала Анна Политковск және Сахаров атындағы сыйақыларымен, «Британияның мақтанышы» наградасымен марапатталды. Сонымен қатар ол 2014 жылы, 17 жасында Нобель сыйлығына ие болған ең жас лауреат атанды.