2024 жылдың ең үздік ТОП-3 байқауы

Автор: редактор 25 июля, 2024


2024 жылдың ең үздік ТОП-3 байқауы

1️⃣ “Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен” байқауы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Бас редакторлар клубымен өзара серіктестік шеңберінде Қазақстан туралы материалдарды жазатын/түсіретін шетелдік журналистер үшін “Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен” атты 9-шы байқауына (бұдан әрі – байқау) өтінімдерді қабылдауды бастағаны туралы хабарлайды.

2014 жылдан бастап байқау қазақстандық болмыстың әртүрлі аспектілерін барынша креативті, шынайы және объективті түрде жариялайтын шетелдік авторлардың жазба және бейнематериалдарын іріктейді. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер сапалы контентті ұсынуда неғұрлым маңызды рөл аткаруда, сондықтан блогерлер мен әлеуметтік платформалардың белсенді пайдаланушылары Қазақстанға бірегей көзқарасымен бөлісе алады.

Байқауға қатысуға 2023 жылғы 1 тамыздан 2024 жылғы 1 тамызға дейінгі аралықта Қазақстан туралы шетелдік БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттық (аналитикалық, мәдени ойын-сауық, деректі және т.б.)материалдарды қамтитын өтініштер қабылданады.

Жұмыстар mediacontest2024@emfa.kz электронды поштасына жіберілуі тиіс

📞Байланыс номері: +77172720987

2️⃣ “Жыл волонтері” халықаралық конкурс

Конкурс волонтерлік қозғалысты дамыту мен қолдауға, сондай-ақ әлеуметке және қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды ынталандыруға бағытталған.

Сыйлық адамдарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, білім беру мен мәдениетті дамыту, төтенше жағдайлардың дер кезінде шешімін табу және қоғамдық өмірдің басқа салаларында да жүйелі қызмет атқарған волонтерлер қауымдастығының ең белсенді өкілдерін анықтауға арналған.
Сыйлық 15 номинация бойынша тағайындалады.

2024 жылғы 25 шілде мен 5 қыркүйек аралығында “Qazvolunteer.kz” сайтында құжаттарды қабылданады.

“Жыл волонтері” халықаралық сыйлығын тағайындау қағидаларымен және қажетті құжаттар тізімімен “Qazvolunteer.kz” немесе www.adilet.kz сайттарынан танысуға болады.

📞Қатысу ережелері мен құжаттарды тапсыру тәртібі туралы толық ақпаратты +7 (7172) 741286, 740311 байланыс нөмірлері немесе r.krasnoschekov@mki.gov.kz электрондық поштасы арқылы алуға болады.

3️⃣ Президенттік арнаулы әдеби сыйлығы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдауды жалғастырады.

Сыйлыққа 18-ден 35 жасқа дейінгі қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларымен үміткер бола алады.

Әдеби сыйлық “Проза”, “Поэзия”, “Драматургия” және “Балалар әдебиеті” номинациялары бойынша беріледі. Автор тек бір номинацияға ғана қатыса алады.

Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 16 млн теңге. Жеңімпаздарға диплом, төсбелгі және 4,1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріледі.

Биыл жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық екінші рет табысталмақ. Байқаудың мақсаты – жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету.

Өтінімді 2024 жылғы 31 шілдеге дейін мына мекенжайға жолдау қажет: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 13 кіреберіс, 273 кабинет.

📞74-04-08, 74-04-07, 74-03-84 нөмірлері арқылы біле аласыздар.