2024 жылы баспаналы болуға көмектесетін ТОП-4 кітап

Автор: редактор 11 января, 2024


2024 жылы баспаналы болуға көмектесетін ТОП-4 кітап

🏠 Баспана – Қазақстандағы ең басты әрі аса өзекті мәселелердің бірі. Кез келген отбасының берекелі, баянды тіршілігі баспаналы болудан басталатыны да рас. Осы тұста қоғам үшін еңбек етіп, әрбір адамның баспаналы болуын ойлаған қазақтың және әлемнің тұлғалары жеке кітаптарын жарыққа шығарып үлгерді. Ендеше назарлараңызға ТОП-4 кітапты ұсынамыз.

1️⃣ Бақытжан Бұқарбай — “Бір жылда қалай баспаналы болдым?” кітабы

Бір жылда баспаналы болу мүмкін бе? Автор мұның мүмкін екендігін басынан кешкен оқиғалары негізінде баяндайды. Кітаптың атауы баспана жайлы болғанымен, мұнда шешім қабылдау, эмоциялармен жұмыс, саудаласу стратегиясы, энергияны үнемдеу сынды тақырыптар қозғалған. Негізгі мақсаты – өмірлік қиын жағдайлардан шығуға бағыт-бағдар беру. Кітап баспаналы болу жолындағы азаматтарға және автордың бір жылдық оқиғасына, шешімдері мен тұжырымдарына қызығушылық танытқан барша оқырман қауымға арналады.

2️⃣ Дәулет Мұқаев — “Жинақ Times” кітабы

Қаржылай тәуелсіз болу — адамға берілген еркіндік. Бұл санаттағы жан ақшаға күнкөріс құралы ретінде қарамайды. Туынды өте қарапайым әрі түсінікті тілде жазылған. Кітап — ақша тапшылығы шеңберінен шығуға көмектеседі. Мұнда қаржыңызды жоспарлауды, табысыңызды сақтауды және оны үнемдеуді үйретеді. Сонымен қатар баспаналы болуға мүмкіндік бар.

3️⃣ Айжан Бейсенбайқызы — “Баспаналы бол” кітабы

Бұл еңбек тұрғындарға ең тиімді жолмен әрі тұрғын үй бағдарламасымен баспанаға оңай қол жеткізу жолын үйретеді. Бүгінде елімізде мемлекеттің және екінші деңгейлі банктердің көптеген тұрғын үй бағдарламасы жарияланған. Бірақ халық олардың көпшілігінен бейхабар. Атын білсе де қалай қатысуға болатынын, қайсысы тиімді екенін ажырата алмай жатады. Осы тұста “Баспаналы бол” кітабы керемет көмекші құрал бола алады. Бұл еңбекте еліміздегі ең тиімді 22 тұрғын үй бағдарламасы туралы толыққанды мәлімет беріледі. Олардың ерекшеліктері мен тиімді тұстары, қалай қатысу керектігі жан-жақты баяндалады.

4️⃣ Бодо Шефер — “Қаржылық еркіндікке апаратын жол (Путь к финансовой свободе)” кітабы

Белгілі бизнес-кеңесші Бодо Шефердің аталмыш кітабы адамдарды қаржылық еркіндікке жетелейді. Автордың пікірінше, егер адамның басында қаржылық мәселе болса, ол ақша туралы көп ойлай бастайды. Сонымен қатар ол байлар мен кедейлер банктегі шоттың мөлшерімен ғана емес, ойлау қабілеттерімен де ерекшеленетінін айтады. Себебі ой арқылы энергия пайда болады. Ал энергияға байланысты ақша келеді.

Автор табысты арттыруға байланысты бірнеше кеңес ұсынады. Нақтырақ айтсақ, тапқан табыстың белгілі бір пайызын үнемдеп отырасыз. Табысыңызды арттырып, оның да белгілі мөлшерін үнемдеуді әдетке айналдырасыз. Кітапта осыған қатысты көптеген ақпараттар айтылған. Оқып шықсаң, қаржылық еркіндікке ерте қол жеткізетініңе сенімді бол!