31 жасында миллиардер атанған Билл Гейтстің жетістікке жету қағидасы

Автор: редактор 06 ноября, 2023


31 жасында миллиардер атанған Билл Гейтстің жетістікке жету қағидасы

💰Америкалық Forbes іскерлік журналында жыл сайын капиталы 1 миллиард АҚШ долларынан асатын әлемдік миллиардерлер тізімі жарық көреді. Соңғы деректерге сәйкес осы тізімде жылдар бойы топ жарып тұрған Microsoft корпорациясының негізін қалаушы әрі белсенді кітап жазушы — Билл Гейтс. Оның байлығы $129 млрд долларды құрайды. 66 жастағы миллардер — АҚШ азаматы.

💸 Өткен жылы оның климаттың өзгеруімен қалай күресуге болатыны туралы кітабы жарық көрді. Ал жаңа пандемияның алдын алу туралы кеңестері мамыр айында жарияланды. Наурызда Билл және Мелинда Гейтс қоры болашақ жаһандық індеттермен күресу үшін есірткіге үміткерлерді әзірлейтін коалицияға қосылды.

📌 Ендеше бүгін атақты миллиардердің жетістік қағидаларына тоқталып өтеміз.

▪️Билл Гейтс ақылдылығынан бөлек өте еңбекқор адам. Миллиардердің айтуы бойынша, кез келген адамға ақылды, зерек болу жеткіліксіз. Оған қоса еңбекқор болу керек екенін алға тартады. Ең бастысы жұмыскерлерден де осы қасиетті талап етеді.

▪️“Microsoft Corporation” компаниясының іргетасын қалап, “Windows” бағдарламасын жасаған тұлға компьютердің маңыздылығын және адамдардың өмірінде ойып орын алатындығын жақсы ұғына білген.

▪️Билл Гейтс өзін қоса есептегенде қызметкерлеріне жоғары жалақы тағайындамайды. Майкрософттың ешбір қызметкері әлемдегі ең жоғары жалақылы адамдардың қатарына кірмейді. Мұның орнына зерек адамдарды қызықтыру үшін оларға үлес береді. Бұның арқасында Майкрософт қызметкерлерінің біршамасы миллиардер, үштен бірі миллионер атанған.

▪️Сонымен қатар Билл Гейтс бір мақаласында жұмыстан шыққан әрбір қызметкерінің артынан “ол неге жұмыстан шықты, неге оны қанағаттандыра алмадық, қай жерде қате жібердік?” деген сұрақтарға жауап іздейтінін айтады.

▪️Миллиардер шешім қабылдауда батылдық танытуды айтады.

“Ең алдымен жағымсыз жаңалықтарды, содан кейін жақсы жаңалықтарды білуге тырыс. Билл Гейтс жақсы менеджердің ең басты қасиеті жағымсыз жаңалықтарды салқынқандылықпен қабылдай білу дейді. Себебі бұл әдіс кез келген мәселені жылдам әрі оңынан шешуге көмектеседі” — дейді ол.

▪️Бүгін жасауға болатын істі ертеңге қалдырмаңыз. Билл Гейтс: «Егер жұмыста бір нәрсе көңіліңізден шықпаса, өз ісіңізді ашыңыз. Мен бизнесімді гаражда бастадым. Уақытты тек өзіңізге қызықты іске жұмсау қажет»-дейді.

▪️Өзіңіздің ортаңызды өзгертіңіз. Әлем Билл Гейтсті бекерден бекер креативті адам санамайды.  Ол жылына бірнеше мәрте үйреншікті ортадан ажырап, сананы сергіту керек дейді. Сонда мәселелер мен міндеттердің шешімі табылады.

▪️Тобырға ермеңіз. Олар дұрыс бағытта жүрмеуі мүмкін. Әрдайым өзіңіздің даму жолыңызды таңдаңыз.

▪️Сәтсіздік те жетістік бола алады, егер одан сабақ алсаңыз.