78 жылдық тарихы бар жапондық компанияның әлемдік нарықты бағындыруы

Автор: редактор 05 февраля, 2024


78 жылдық тарихы бар жапондық компанияның әлемдік нарықты бағындыруы

📌 Sony Corporation тұрмыстық және кәсіптік электроника, жоғарғы технологиялық өнімдерді шығарумен айналысады. Сонымен қатар ол — әлемдегі ең ірі медиа компаниялардың бірі.

«Sony» компаниясының негізін 1946 жылдың 7 мамырында Акио Морита және Масару Ибука қалады. Компанияның бастапқы атауы «Tokyo tsushin kogyo kabushiki kaisha» болды. Алайда оның аталуы америкалықтар үшін қиынға соқты. Осылайша таңдау Sony атауына түсті. Бұл екі сөздің қосындысынан шыққан. Ағылшын тіліндегі sonny-boys сөзі жапон тілінде «кішкентай данышпандар» деген мағына береді. Жапонша Sonny дыбысы сәтсіз бизнес деген сөзге ұқсағандықтан, мұндағы бір «n» әрпін алып тастауды шешкен. Алайда «Sony» атауы тек 1958 жылдың қаңтар айында ғана берілген.

📌 Жетістік жолының алғашқы қадамдары

Морита бала кезінен әкесінің бойынан дарыған таланттың арқасында инженер саласына жақын болды. Ол кішкентай кезінен әртүрлі тәжірибе жасауға әуес болды. Мәселен, оның алғашқы жолы оятқышты бұзып, оны қайта құрудан басталған. Атасы немересін қатты жақсы көргендіктен, оған бірнеше оятқышты бұзып көруге рұқсат берді. Немересінің алғашқы қадамы сәтсіз болғанымен, үшінші рет жасаған тәжірибесінің арқасында ол өзінің қабілетін аша білді.

Осылайша ол Waseda University жоғары оқу орнында білім алады. Оның талантына қарап, қатарластары данышпан өнертапқыш деген атау берді.

1933 жылы электронды сәуледегі сигнал модуляциясы туралы диссертациясын қорғап, Париж өнеркәсіп көрмесінде жүлдеге ие болды. Сол жылы университетті қызыл дипломмен бітірді.

Оқудан кейін ол фильмге бейнелер мен дыбыстарды жазуға арналған фотохимиялық зертханада жұмыс істеді.

Екінші Дүниежүзілік соғыс уақытында Масару Ибуки Жапонияның теңіз әскери флотында офицер болып қызмет етеді. Мұнда ол талантына талабы сай келетін жас физик, өзінен 13 жасқа кіші Акио Моритамен танысады. 1946 жылдың 7 мамыры олар үшін тарихи күн. Себебі олар бірігіп Токио Телекоммуникациялық Инженерия Корпорациясын құрады. Компанияда тек 20 адам қызмет етті. Олар бастапқыда радиоқабылдағыштарды жөндеумен айналысты.

👨🏻‍💻 Тұңғыш өнімдері

1949 жылы Морита алғаш рет америкалық магнитафонды сатып алып, оны зертей бастайды. Нәтижесінде ол дыбыс жазу үшін мұнда қымбат сымның қолданылғанын анықтайды. Осылайша Морита оның орнына, арзан сымды пайалнуға болатын сапалы әрі әрі қолжетімді магнитафонды 1950 жылы жасап шығарады. Оның бағасы 427 доллар, ал салмағы 35 киллограм болды. Алайда оның сатылымы ойдағыдай болмады. Морита сәтсіздікке тоқтап қалмай, оның шешу жолын табады. Осы тұста ол макетинг саласын меңгеріп, мангитафонды әртүрлі ұйымдарға топтап сата бастайды.

1952 жылы АҚШ-қа жасаған іс-сапары оның даму жолының нәтижелі қадамы болады. Оған бұл жерде жаңа идеялар келіп, алып мемлекеттік трансизторлар технологиясына қызығушылық білдіреді. Араға бір жыл салып, ол осы технологияның патентін сатып алады. Аталмыш транзистор үлкен жетістікке жол ашады.

📍Компанияның әлемге танылуы

Морита компанияның тағы бір проблемасын анықтап, оның атын өзгертуге шешім қабылдайды. Осылайша компания атауы Sony болып өзгертілді. 1955 жылы TR-55 транзисторлық қабылдағышы компанияға үлкен бедел алып келді. Ал 1960 жылы Sony алғаш транзитті теледидар шығарды.

Көп жылдар бойы Морита компанияға басшылық етіп, нарықта үлкен жетістіктерге алып келді. Жақсы да тартымда дизайны мен жаңашылдығының арқасында Sony өзінің атын шығарады.

1990 жылдары алғашқы «мини-дискмэндер» пайда болды. Сонымен қатар 500-ге жуық басқа да жаңа өнімдер жарыққа шықты. Яғни, күніне екі жаңа зат шығарып отырған. 1994 жылдың аяғында корпорация жапон нарығына PlayStation ойын консольін ұсынады. Оның сәтті болғаны сонша 2000 жылы Play Station 2, Play Station 3 ойындары шығады. 2011 жылдың тамыз айында компания портативті техникаға арналған компьютер экрандарын шығару үшін Toshiba, Hitachi және Innovation Network Corporation of Japon атты жапондық мемлекеттік-жеке меншік компаниясымен бірлескені жайлы жария етті.