81 жастағы Мартин Скорсезе Голливудтың ұлы режиссеріне қалай айналды?

Автор: редактор 20 Қараша, 2023


81 жастағы Мартин Скорсезе Голливудтың ұлы режиссеріне қалай айналды?

📽️ Мартин Скорсезе – XXI ғасырдың ең ұлы және ықпалды кинорежиссерлерінің бірі. Өнер иесі жақында ол 81 жасқа толды.

Екі иммигрант отбасының ұрпағы Скорсезе Нью-Йорктің Кіші Италия деп аталатын қылмыс ең көп таралған аймақтарының бірінде ер жетті. Сондықтан да ол бала кезінен итальяндық шабыт пен құрмарлықты бойына сіңіре білді.

Мартин бес жасында алғаш рет көшеде басына оқ тиген адамды көреді. Сұмдыққа толы күймен ол үйіне келіп, бұл туралы әкесіне хабарлайды. Сонда әкесі оған: “Жолың болған екен! Ал мен өлі адамды тек бір-ақ рет көрдім” – деп, жауап қайырады.

📌 Скорсезенің әкесі Чарльз өте мейірімді адам болған. Католик дінін ұстанатын қарапайым қарапайым үтікші адал кедейлік кез келген байлықтан артық деп есептеді. Оның тігінші әйелі, католик шіркеуінің мүшесі Кэтрин де жұбайының сөзін қолдады. Діндар ата-ана ұлының діни қызметкер болуын армандады. Осылайша ата-анасының талабымен 14 жасында ол тіпті рухани семинарияға түседі. Алайда мансап жолы нәтижесін бермеді.

“Мені оқудан араға ұзақ уақыт салмай шығарып жіберді. Себебі олар үшін мен ақымақ әрі болашақ бандит едім” – дейді, режиссер.

Алайда Мартин қылмыс әлемінің де бір бөлігі бола алмады. Ол өте аурушаң бала болып өсті. Скорсезеге балалық шағынан астма диагнозы қойылған. Оған қоса, аллергия, жиі суық тию, пневмония сынды аурулар да қабаттасты. Осылайша ол құрдастарының мазағына ұшырады. Сол себепті оның іс жүзінде достары болмады. Мартиннің де достыққа деген ұмтылысы болмады. Ол итальяндық кварталдың қайнаған өмірін бөлмесінің терезесінен үнемі бақылап отырған. Қуанышына орай, ата-анасы кинотеатрды қауіпсіз ойын-сауық алаңы деп санаған.

Мартинді кино әлемі қызықтырғаны соншалық, ол үйінде кейіпкерлердің әрбір көрінісі мен желісін егжей-тегжейлі ойластырып, жеке әңгімелерін жазды.

🎞️Мектептегі және рухани семинариядағы оқуы сәтсіз аяқталып, ол ата-анасының қалауына қарсы Нью-Йорк университетінің кино мектебіне құжаттарын тапсыруға кетеді.

Скорсезе басқа студенттерден бірден ерекшелене бастады. Біріншіден, ол кез келген атақты фильмнің тарихын жетік білетін. Екіншіден, тәжірибеге келгенде не істейтінін әрі қалай істейтінін нақты білетін.

🎥 Режиссер өзінің алғашқы фильмін алты күнде түсірді. Бұл – “Осындай сұлу қыз мұндай жерде не істеп жүр?” деген ұзын-сонар қысқаметражды фильм болды. Ерекше түсірілімі мен монтажы үшін Мартинге оқуының екінші жылын төлеуге мүмкіндік беретін стипендия тағайындалды.

Ары қарай Скорсезе өзін кино әлеміне толық арнады. 1964 жылы оның “Не только ты, Мюррей” қысқаметражды фильмі Гильдияның бас жүлдесін жеңіп алып, оған жаңа нәтижелі таныстар әкелді. Түсірілім кезінде Скорсезе өзінің бірінші әйелі, болашақ актриса Мари Лоррейн Бреннанмен кездесті.

Мари, олар айтқандай, біртүрлі қыз болды. Актриса нумерологияға қызығатын, сандарды пайдаланып болжайтын және қытайлық “Өзгерістер” кітабын үнемі өзімен бірге алып жүретін.

Нәтижесінде, сандар жақсы нәтиже беріп, 1965 жылы олар ресми түрде шаңырақ көтереді. 23 жастағы Мартин Маридің шағын пәтеріне көшті. Жас жұбайлардың қызы дүниеге келеді. Скорсезе оны анасының құрметіне Кэтрин деп атады.

Алайда баланың өмірге келуі олардың шаңырағын нығайта алмады. Отбасының болашағына алаңдаған Мари күйеуінің кино әлеміне әбден сіңісіп кеткеніне ашуланды. Ал Мартин бос уақытын не монтаж бөлмесінде, не кинотеатрларда сол фильмдерді көрумен өткізетін.

🟢 Сол себепті режиссердің алдында отбасы немесе кино деген қиын таңдау пайда болады. Дәл сол кезде Скорсезе Голливудқа шақырту алады. Сондықтан оның таңдауы киноға түседі.

1971 жылы Мартин Лос-Анджелеске көшті. Оған қала ұнамады. Шексіз магистральдардағы көліктердің жылдам ағыны Скорсезені шошытты. Екінші мәселе, кинодағы іскерлік кездесулердің барлығы түтіні көп барларда ұйымдастырылды. Скорсезе демікпе ауруына шалдығып, бірнеше ай ауруханада жатады.

Бірақ белсенді қоғамдық өмір өз жемісін берді. Біріншіден, Warner Bros кинокомпания басшыларының бірі Фред Вайнтраубтың кешінде Мартин оның қызы Сэндимен танысады. Ол Скорсезенің киноға деген құмарлығын толық түсіне алды. Олар бірге премьераларға барып, көргендерін талқылады.

Екіншіден, кештердің бірінде Скорсезе өзінің пікірлес актері Роберт Де Ниромен кездеседі. Олардың тіпті бір блокта өскені белгілі болды. Осылайша өнер иелерінің ойы бір жерден шығып, жұмыс бастайды.

◼️Бейбіт өмірде өзін табуға тырысқан Вьетнам соғысының батыры туралы түсірілген “Таксист” фильмі нағыз сенсация тудырды. Фильм 18 киножүлдеге ие болды. Соның ішінде Оскар сыйлығын төрт мәрте және “Алтын пальма бұтағын” жеңіп алды. Жобаның қатысушылары – Мартин Скорсезе, Роберт де Ниро, Джоди Фостер бір түнде жұлдызға айналды. Айтпақшы, дәл Джодиді таң қалдыру үшін “Такси” фильмін 15 рет тамашалаған Джон Хинкли президент Рональд Рейганның өміріне қастандық жасайды. Бақытына орай, бұл сәтсіз аяқталды. Бұл фильмнен кейін Скорсезеге Голливудтың барлық есігі ашық болды.

📽️ Өнер иесі содан бері Роберт Де Ниро мен Леонардо Ди Каприо сынды танымал актерлермен тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Режиссердің ең көрнекті картиналары – «Славные парни”, “Банды Нью-Йорка”, “Авиатор”, “Волк с Уолл-стрит”, және “Убийство цветочной луны”.