9-20-25 жаңа ипотекалық бағдарлама қашан іске қосылады?
📌 Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда 9-20-25 жаңа ипотекалық бағдарламасы 2024 жылдың 1 наурызынан бастап іске қосылатынын мәлімдеді.
«Аталған бағдарлама іске қосылады. Республика бюджеті мен «Отбасыбанктің» бірлесіп қаржыландыруы арқылы іске қосылады. Сондықтан Әлихан Асханұлы (бұрынғы Премьер-Министр – ред.) айтқан мәселе пысықталған. Ол белгіленген мерзімде іске асырылады», — деп сендірді Роман Скляр.
🏠 Бағдарлама шарты қандай болмақ?
Бағдарламада 20 пайыз бастапқы жарна салып, 9 пайыздық мөлшерлемемен 25 жылға дейін баспана несиесін рәсімдеуге болады. Бағдарлама нарықтық қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады, бюджет қаражаты пайдаланылмайды.
📌 «Отбасы банкі» мәліметінше, биыл 8 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі.
Осы тұста олар бағдарлама әлі де әзірлену үстінде екенін атап өтті. Сол себепті оның нақты іске қосылу күні мен нақты шарттары әзірге белгісіз.
☝🏻 «Жаңа бағдарлама бойынша жеке меншік үйі жоқ отбасылар баспана алады деп болжануда. Тұрғын үйді бастапқы нарықта жеке құрылыс салушылардан сатып ала алады», – деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бүгінде елімізде 600 мыңға жуық қазақстандық баспанаға мұқтаж. Сарапшылар ипотекалық бағдарламалардың іске қосылуы тұрғын үй бағасының өсуіне түрткі болады деп қауіптеніп отыр.