АҚШ, Канада, Франция: Дарынды жастарға арналған 8 үздік стипендиялық бағдарлама
📚 Бүгінде шетелде тегін білім алудың мүмкіндіктері көп. Жекеменшік қорлар мен университеттердің гранттарынан бөлек, әлемнің бірқатар елінде шетелдік студенттерді тартуға бағытталған мемлекеттік стипендиялық бағдарламалар бар. Бұл оқу ақысын, тұру және жол шығындарын толықтай немесе ішінара қамтиды. Төменде әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің ең танымал мемлекеттік стипендияларын жинақтадық.
🇺🇸 Fulbright бағдарламасы — АҚШ үкіметі қаржыландыратын стипендия
1946 жылы құрылған бұл бағдарлама әлемнің түкпір-түкпірінен үміткерлерді ашық байқау арқылы таңдайды.
📍Не қарастырылады:
• АҚШ университеттеріндегі магистратура бағдарламаларының оқу ақысы
• Ай сайынғы стипендия (тұрмысқа қажетті)
• Медициналық сақтандыру
• Ұшу және көлік шығындары
🔎 Талаптары:
• Жоғары білім немесе АҚШ бакалаврына тең дәрежесі болуы
• Кемінде екі жылдық жұмыс тәжірибесі
• Бұған дейін АҚШ-та жоғары білім алмаған болуы тиіс
🇬🇧 Chevening – Ұлыбритания үкіметінің стипендиясы
Көшбасшылық қабілеті бар студенттерге Ұлыбританияда тегін білім алуға мүмкіндік беретін халықаралық бағдарлама.
📍 Не қарастырылады:
• Оқу ақысы
• Ай сайынғы стипендия
• Ұшу шығындары
• Виза алу үшін төлем
• Chevening іс-шараларына қатысу гранты
🔎 Талаптары:
• Бакалавр дәрежесі
• Ең аз дегенде екі жылдық жұмыс тәжірибесі
• Ұлыбритания университетінен шақырту қағазы
🇰🇷 Global Korea Scholarship — Оңтүстік Корея үкіметінің стипендиясы
Жас көшбасшыларды қолдап, елге дарынды студенттерді тарту мақсатында құрылған бағдарлама.
📍 Не қарастырылады:
• Ұшу шығындары
• Ай сайынғы стипендия және ғылыми жобаға арналған қаржы
• Тіл курстары мен оқу ақысы
• Медициналық сақтандыру
🔎 Талаптары:
• Орта білім туралы аттестат
• 25 жасқа дейінгі үміткерлер
• Жақсы денсаулық жағдайы
• Үздік академиялық көрсеткіштер
🇹🇷 Türkiye Bursları – Түркия үкіметінің стипендиясы
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жастарға Түркия университеттерінде білім алуға арналған толық қамтылған бағдарлама.
📍Не қарастырылады:
• Ай сайынғы стипендия (700–3000 түрік лирасы аралығында)
• Ұшу және жатақхана шығындары
• Тегін оқу және тіл курстары
• Медициналық сақтандыру
🔎 Талаптары:
• Жас шектеулері бағдарламаның түріне қарай өзгереді
• Жоғары академиялық көрсеткіштер және белсенділік
🇨🇦 Vanier Canada Graduate Scholarships — Канада үкіметінің аспиранттарға арналған стипендиясы
2008 жылы бекітілген бағдарлама әлемнің үздік жас ғалымдарын Канадаға тартуға бағытталған.
📍 Не қарастырылады:
• Жылына 50 000 доллар стипендия
🔎 Талаптары:
• Зерттеу саласы: гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары, инжиниринг, денсаулық сақтау
• Бұл – үміткердің PhD деңгейіндегі алғашқы оқуы болуы тиіс
• Өте жоғары академиялық нәтиже
🇭🇺 Stipendium Hungaricum – Венгрия үкіметінің стипендиясы
Бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына түскісі келетін шетелдік студенттерге арналған.
📍Не қарастырылады:
• Оқу ақысы
• Ай сайынғы стипендия (120–580 еуро аралығында)
• Тұру және медициналық сақтандыру
🔎Талаптары:
• 18 жастан жоғары
• Жақсы үлгерім
🇫🇷 Eiffel Excellence Scholarships – Франция үкіметінің стипендиясы
Француз жоғары оқу орындарының әлемнің үздік студенттерін тартуына мүмкіндік беретін бағдарлама.
📍Не қарастырылады:
• Магистратура үшін – ай сайын 1181 еуро
• Докторантура үшін – ай сайын 1400 еуро
🔎Талаптары:
• Зерттеу саласы: құқық, экономика, менеджмент, инженерия, жаратылыстану немесе саясаттану
🇳🇱 Holland Scholarship – Нидерланды үкіметінің стипендиясы
Нидерландыда бакалавриат немесе магистратура бойынша оқығысы келетін шетелдік азаматтарға арналған.
📍 Не қарастырылады:
• Бірінші оқу жылында 5000 еуро көлемінде стипендия
🔎Талаптары:
• ЕО азаматтығы болмауы тиіс
• Бағдарламаға қатысушы университеттердің күндізгі оқу түріне өтініш беру
📌 Егер сіз шетелде оқуды армандайтын болсаңыз, бұл бағдарламалар – нақты мүмкіндік бермек.