Ақша жинауға көмектесетін ТОП-3 телефон қосымшасы
💸 Қазіргі таңда көпшілігімізге ақшаны сақтау мен оны есептеудің бірнеше жолы белгілі. Алайда ақпарат ағынының көп болуына байланысты оқырмандардың басым көпшілігі ненің тиімді екенінен бейхабар болып жатады. Ендеше бүгін ақша жинауға жол ашатын үш қосымшаны назарларыңызға ұсынамыз.
1️⃣ Monefy
Қаржыны есептеуге арналған қосымшалардың ішінде ең ыңғайлысы әрі танымалы — Monefy. Мұнда шығындарыңыз бен кірістеріңізді бақылауға мүмкіндік бар. Қала берді бюджет құруға, несие картасы мен шот бойынша берешек туралы хабарландырулар алуға болады. Сонымен қатар қаржылық әдеттеріңізді талдауға да жағдай жасалған. Қосымшада қаржылық мақсатыңызға жетуге көмектесетін түрлі ұсыныстар да айтылады.
Monefy қолданбасының интерфейсі өте ыңғайлы. Шығындарды санат немесе уақыт кезеңі бойынша бөлуге болады. Кірістірілген калькулятордың көмегімен статистиканы талдап, бюджетті есептеу ге тиімді.
2️⃣ CoinKeeper
Талмыш қосымшада кірістер мен шығыстарды бақылап отыра аласыз. Бір ерекшелігі көп функционалды болып келеді. Тегін нұсқасында шығыстар мен кірістерді қолмен енгізесіз. Ал ақылы нұсқасында уақыт үнемдеуге болады. Сонымен қатар шығындардың белгілі бір санаттарына шектеулер қоюға, әртүрлі валюталарды есепке алуға, төлемдерді жоспарлауға және қолданбаны басқа телефондармен, планшеттермен және компьютерлермен синхрондауға болады.
3️⃣ Wallet
Wallet – ақша, бюджет, қаржы және шығыс есебі ұзақ мерзімді жоспарлау мүмкіндігі бар қаржылық есеп бағдарламасы. Бұл — халықаралық бағдарлама. Себебі әлем бойынша 4000 банкпен синхрондалады. Ең үлкен артықшылығы банктерден ақпаратты импорттайды. Мәліметтерді кестелерге экспорттайды. Бағдарлама қаржыны дәл бақылауға мүмкіндік беретін толық есеп береді.