Ақшаны дұрыс жұмсауға көмектесетін 3 әдіс

Автор: редактор 14 сентября, 2023


Ақшаны дұрыс жұмсауға көмектесетін 3 әдіс

Қолға түскен ақшаны жинап, оны үнемдеу үшін біз ұсынған әдістерді қажетіңе жарат.✔️

💸 Кез келген затты сатып алмас бұрын өзіңе ақшаны үнемдеуге көмектесетін қарапайым 3 сұрақты қой.

🔻Қандай мақсатта алғың келеді?
🔻Бұл қажеттілік пен әлде қалау ма?
🔻Аталмыш затты қаншалықты жиі қолданасың?

Міне, осы сұрақтарды қойғаннан кейін эмоцияға берілмей, саналы түрде шешім шығара аласың.

💸 Қаражатыңды жоспарлап үйрен. Күнделікті кіріс пен шығынды жазып отыр. Тіпті, 100 теңгені де жазуды ұмытпа. Ай соңында дәптеріңді ашып, ақшаның қандай мақсатта жұмсалғанын білесің.

💸 Ақшаның бір бөлігін жинауды әдетке айналдыр. Үнемдеуді жеңілдету үшін түсінікті әрі дұрыс жұмыс істейтін стратегияларды қолдан.

Мысалы, 5 конверт техникасын алып қарастырайық. Бұл әдіс бойынша шығын түрін анықтап, негізгі төлемді конвертке бөліп, салып қоясың. Осылайша ақшаны 5 бөлікке бөлесің.

➕60% — ай сайынғы шығындарға жұмсалатын қаражат;

➕10% — үлкен сомадағы қажеттілігіңе арналған ақша. Мәселен, қол сағатын алғың кеп жүр. Сен ай сайын түсетін қаржыдан 10%-ын үнемдеп отырсаң, оны сатып алуға мүмкіндік туады.

➕10% — жоспарланбаған шығындар үшін. Мысалы, күтпеген жерден телефон немесе ноутбук бұзылып қалуы мүмкін.

➕10% — демалыс үшін: театр, кино, мейрамхана шығындары.

➕10% — депозитке немесе арнайы сандықшаға жиналатын ақша. Бұл сәтте өзіңе қауіпсіздік жастығын қалыптастырасың.

Б. Авербах “Көп ақша табу — батырлық, оны сақтау — ақылдылық, ал үнемдеп жарата білу — өнер” деген екен. Ендеше сен де ақшаңды үнемдеуді бүгіннен баста!