Адамға шабыт сыйлайтын 5 әдіс
Кейде оқуға деген ынта жоғалып, алға жылжу қиынға соғады. Бірақ шабыт – ішкі күшті оятатын, сізді мақсатыңызға қарай жетелейтін қуатты құрал. Оны қолдана білсеңіз, кез келген істің биігіне шығуға болады. Назарларыңызға күнделікті мотивацияны арттырып, рухтандыратын 5 әдісті ұсынамыз.
1️⃣ Ең алдымен өзіңізге мына сұрақты қойыңыз: “Мен бұл істі не үшін үйренгім келеді?”
Сол сұраққа нақты әрі шынайы жауап беріп, алдыңызға жетуге болатын мақсаттар тізімін жазыңыз. Бұл мақсаттар сіздің өміріңізде маңызы бар, жүрегіңізбен қалаған нәрселер болуы керек.
✍️ Оларды қағазға түсіріп, жиі көретін жерге іліп қойыңыз. Әр жолы шаршаған, жалқаулық жеңген сәтте сол тізімге көз жүгіртіңіз. Ол сізге ішкі күш пен шабыт береді.
2️⃣ Барлық істен қызықты нәрсе табыңыз
Зерттелетін материалдың сіздің өміріңізбен қандай байланысы бар екенін қарастырыңыз. Мысалы, әдеби кітапты оқудан жалықсаңыз — мұндағы кейіпкерлермен ортақ нәрсені табуға тырысыңыз. Ал егер биологияны оқығыңыз келмесе, өзіңіз және басқа тіршілік иелері туралы қаншалықты көп білетініңізді елестетіп көріңіз.
3️⃣ Таймер пайдаланыңыз⏰
📌Сабақ оқуға 30-50 минут бөліп, содан кейін қысқа үзіліс жасаңыз. Ол аяқталғаннан кейін оқуға қайта кірісіңіз.
4️⃣ Өзіңізді үнемі жігерлендіріп отырыңыз✅
Сабақ оқып болғаннан кейін өзіңізді марапаттаңыз. Мәселен, сүйікті тамағыңызды жеп, үй жануарларымен ойнаңыз, қызықты видео қараңыз немесе ыстық ванна қабылдаңыз. Ал емтиханнан кейін өзіңізді әлдеқайда маңызды нәрсемен қуантыңыз. Мысалы, достарыңызбен кофе ішіңіз немесе көптен бері қалап жүрген нәрсеңізді сатып алыңыз.
5️⃣ Біреумен үйреніңіз👫
Ол адаммен бір бөлмеде бірге тұрудың қажеті жоқ. Бірақ сіздің мәселелеріңізге бей-жай қарамайтын және сіздің жетістіктеріңіз туралы сөйлесетін адамның болуы маңызды. Бір-біріңізге әр апта сайын жасалған жұмыс туралы есеп беріп отырыңыздар. Осы кезде мақсатқа жету оңай болады және уақытты тиімді басқарасыздар.