“Алматы жастары” бағдарламасы арқылы қалай үйлі болуға болады?

Автор: редактор 11 июля, 2024


“Алматы жастары” бағдарламасы арқылы қалай үйлі болуға болады?

🏘️ Қазіргі таңда жастар үшін үй алуға әртүрлі жағдай жасалған. Солардың бірі — “Алматы жастары” бағдарламасы.

Мұнда бастапқы жарна – қарыз сомасының 10%-ы;

Сатып алынатын тұрғын үй – бастапқы немесе қайталама тұрғын үй не пайдалануға берілген / салынып жатқан тұрғын үй — «ҚЖК»ақ кепілдігі болған кезде үлестік қатысу болуы тиіс;

Пайыздық мөлшерлеме – жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%-дан бастап);

Несиенің ең ұзақ мерзімі — 19 жылға дейін;

Заемның ең жоғарғы сомасы – 18 млн тг. дейін;

Сатып алынатын тұрғын үйдің құнына шектеу қойылмаған

*Несиенің ең жоғарғы сомасы мен таңдалған тұрғын үй құнының арасындағы айырмашылықты бағдарлама қатысушысы өзі өтейді.

✔️ Қатысушыға қойылатын талаптар

📌ҚР азаматтығы;
📌Жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (болған жағдайда) өтініш берген кезде қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда).
📌 Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.
📌 Үміткерде бағдарламаның және оның отбасы мүшелерінің меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайларының қасақана нашарлау фактілерінің, оның ішінде ортақ бірлескен меншіктің, отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлестің немесе сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы жылжымайтын мүліктегі үлесті қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алынған, бағдарламаға қатысушы немесе отбасы мүшелері Кәмелетке толғанға дейін алған және жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй (берілген тұрғын үйден бас тарту туралы өтініш болған жағдайда);
📌 Алматы қаласында қатысушының соңғы 6 айдан кем емес ресми жұмыс өтілі, Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала және құқық қорғау органдары(толығырақ: https://www.almaty-zhastary.kz/ )
📌 Алматы қаласында тіркелген, кемінде бір жыл мерзімге жұмыс істейтін ЖК қосымша (бар болса) (бұл талап Мәдениет саласының өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларына қатысты).

🏠 «АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ» ЖЕҢІЛДІКТІ НЕСИЕЛЕНДІРУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ:

Нысандары Алматы қаласында орналасқан келесі қызмет салаларының қызметкерлері қатыса алады:

1️⃣ Денсаулық сақтау саласы

2️⃣ Білім беру саласы

3️⃣ Мәдениет саласы

4️⃣ Журналистика

5️⃣ Спорт саласы