Апталық жоспарды дұрыс құрудың 8 қадамы
Мұхтар Әуезов айтқандай: “Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, екінші – күш керек, содан соң – тәртіп керек”. Расымен, кез келген істі нәтижелі орындау үшін алдымен жоспар құрып, тәртіппен әрекет ету маңызды. Егер тәртіп пен жүйе сақталса, жетістікке сөзсіз жетуге болады.
Ендеше назарларыңызға апталық жоспарды тиімді құрудың үлгісін ұсынамыз! ✅
1️⃣ Арнайы құрал дайындаңыз
✔️ Жеке бір дәптер бастаңыз немесе mind map (ми картасы) қосымшасын қолданыңыз. Барлық жоспарыңызды осы жерге тізіп шығыңыз. Егер нақты тапсырмалар болмаса, істеріңізді салаларға бөліңіз:
• Оқу және жұмыс
• Денсаулық
• Отбасы
• Хобби және тұлғалық даму
Әр санаттың жанына орындалуы тиіс тапсырмаларды жазыңыз.
2️⃣ Аптаның маңызды 3 тапсырмасын анықтаңыз
Апта бойы орындауға тиіс ең маңызды үш істі таңдаңыз. Бұл істер – сіздің басты басымдықтарыңыз.
3️⃣ Міндеттерді нақты күндерге бөліңіз
• Барлық тапсырманы апта күндеріне бөліңіз.
• Мерзімі нақты белгіленген міндеттерді бірінші жазыңыз (мысалы, кездесулер, дәрігерге бару, төлемдер).
• Уақыты белгіленбеген тапсырмаларды бөлек тізімге қосыңыз.
4️⃣ Уақытты нақтылап жазыңыз
• Әр тапсырмаға белгілі бір уақыт бөліңіз.
• Маңызды міндеттерді нақты уақытқа қойып, басымдық беріңіз.
5️⃣ Демалыс уақытыңызды жоспарлаңыз
• Жұмыстан тыс уақытты да ұмытпаңыз.
• Мысалы, сенбіні – отбасылық күн, ал жексенбіні – табиғатта серуендеу күні деп белгілеңіз.
6️⃣ Белгісіз тапсырмаларды қарындашпен жазыңыз
• Кей тапсырмалардың уақыты белгісіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда оларды қарындашпен жазып қойыңыз.
• Әр күннің нақты жоспарын кешкісін дайындап отырған дұрыс.
7️⃣ Маңыздылық деңгейін көрсетіңіз
• Тапсырмаларды орындау ретіне қарай белгілеңіз:
• А1, А2 – ең маңызды істер
• В1, В2 – маңызды, бірақ кейінге қалдыруға болатын істер
• Бір тапсырманы орындамай жатып, келесі деңгейдегі іске ауыспаңыз.
8️⃣ Апта соңында сараптама жасаңыз
• Апталық жоспарларыңызды талдап, қаншалықты орындалғанын бағалаңыз.
• Мақсатқа жету үшін қандай қателер кеткенін анықтаңыз және келесі аптада оны қайталамауға тырысыңыз.
Егер осы үлгіні тұрақты қолдансаңыз, сіздің уақытыңыз тиімді жоспарланып, барлық мақсатыңыздың орындалатыны сөзсіз!