Қарапайым жолмен ақша жинаудың 3 әдісі
1️⃣ Ақшаны депозитте сақтау
Қаржыны депозитте сақтаудың артықшылықтары көп. Бұл тек жинақтау емес, ақшаңның сіз үшін жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Инфляция әсерінен үйде сақталған ақша құнсыздануы мүмкін, ал депозитте оның өсімі қамтамасыз етіледі.
✔️Инфляциядан қорғаныс
Үйде сақталған ақша инфляцияға ұшырайды, ал депозитте ол пайыздық мөлшермен өседі.
✔️Қауіпсіздік кепілдігі
Банкрот болған жағдайда, егер банк Ұлттық банктің кепілдігіне кірсе, салған ақшаңды қайтарып ала аласың.
✔️Тұрақты өсім
Депозит ашқанда пайыздық мөлшер бекітіледі, ақшаң тұрақты түрде көбейіп отырады.
🟢 Депозит түрлері
💸Қысқамерзімді депозит
Бұл депозиттің артықшылығы – ақшаңды кез келген уақытта шешіп алуға болады. Алайда пайыздық мөлшері төмендеу болады, және бұл ұзақ мерзімді жинаққа кедергі келтіруі мүмкін.
💸Ұзақмерзімді депозит
Пайыздық мөлшер жоғары, бірақ ақшаны белгіленген мерзімнен бұрын шешіп алуға мүмкіндік жоқ. Бұл әдіс ұзақ мерзімде ақша жинауға тиімді.
2️⃣ Акциялар мен инвестицияла
Ақшаны акция түрінде сақтауға бола ма деген сұрақ жиі туындайды. Акцияларды сатып алу – табыс алудың тағы бір жолы, бірақ бұл тәуекелі жоғары әдіс. Акциялардың бағасы өзгеріп отырады, сондықтан инвестиция салмас бұрын толыққанды зерттеу жасау қажет.
3️⃣ 5 конверт әдісі
Бұл әдіс ақшаны дұрыс бөліп жұмсауға және жинақтау мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Әр айлық кірісті 5 бөлікке бөлу ұсынылады:
📍60% — күнделікті шығындарға арналған қаражат (тұрмыстық шығындар, азық-түлік, коммуналдық төлемдер және т.б.).
📍10% — үлкен сатып алуларға (сағат, техника сияқты қажетті заттар). Ай сайын осы бөлікке қаржы салып, қажетті заттарды сатып ала аласың.
📍10% — күтпеген шығындарға (жедел шығындар: телефон немесе техника жөндеу).
📍10% — демалыс пен ойын-сауыққа (театр, кино, мейрамхана). Демалыс үшін алдын ала ақша жинау дұрыс қаржы мәдениетін қалыптастырады.
📍10% — жинақ немесе депозитке (бұл сома қаржылық қауіпсіздік жастығын құруға арналған).
Қаржыны дұрыс басқару арқылы тұрақты жинақтау әдетін қалыптастырып, болашағыңды сенімді түрде жоспарлауға болады.