Қаржылық қауіпсіздік: Алаяқтардан қалай сақтануға болады?
Бүгінгі таңда елімізде алаяқтардың құйтырқы әрекеті белең алып тұр. Олар түрлі тәсілмен адамдардың сенімін пайдаланып, жеке ақпараттарын иемденуге тырысады.
Ендеше қаржылық қауіпсіздікке байланысты біз ұсынған 7 ережеге көз жүгіртіп, алаяқтардың құрбаны болудан сақтаныңыз!
1️⃣. Алаяқтық схемаларға назар аударыңыз
Алаяқтар әртүрлі әдісті қолданады:
— Қаржы пирамидалары: Бастапқыда жоғары табыс уәде етеді, бірақ уақыт өте келе барлық қаражатыңызды жоғалтуыңыз мүмкін.
— Жалған инвестициялар: Сенімді болып көрінгенімен, жалған компаниялар арқылы ақшаңызға иелік етеді.
‼️ Кеңес: Егер қандай да бір жоба жоғары табысты уәде етсе, дегенмен тәуекелдер туралы айтылмаса, бұл алаяқтық жүйе болуы мүмкін. Сондықтан мұқият тексеріңіз.
2️⃣. Қаржылық операцияларды орындағанда, қауіпсіздік ережелерін ұмытпаңыз
— Сенімді және ресми платформаларды пайдаланыңыз, жеке мәліметтеріңізді қорғаңыз. Мәселен, банктер мен ірі қаржы институттарының ресми сайттарына жүгінгеніңіз дұрыс.
-Күдік тудыратын сайттардан және белгісіз адамдардан келетін ұсыныстарға абай болыңыз.
— Қауіпсіз кодын тексеріңіз: Сайттың мекенжай жолағындағы «https://» белгісіне және құлып белгісі бар екеніне көз жеткізіңіз.
3️⃣. Жеке мәліметтеріңізді қорғаңыз
—Үшінші тұлғаға ешқашан есепшот нөмірлерін, банк картаңыздың деректерін, құпиясөздер және SMS-кодтар сияқты ақпараттарды бермеңіз.
— Банктер ешқашан сізден құпия ақпаратты телефон немесе интернет арқылы сұрамайды.
— Белгісіз адамдарға құпиясөз бен банк деректерін көрсетпеңіз.
4️⃣. Телефон алаяқтарынан сақтаныңыз
📞 Алаяқтар көбіне банк қызметкері ретінде қоңырау шалып, сізден жеке ақпарат немесе банк картасының мәліметтерін сұрайды.
— ‼️ Есіңізде болсын: Нағыз банк қызметкерлері сіздің құпия ақпараттарыңызды сұрамайды.
5️⃣. Жалған хабарландырулар мен спам хаттардан абай болыңыз
Электрондық пошта, мессенджерлер немесе SMS арқылы келетін «Жүлде ұттыңыз» немесе “Қарызыңыз төленді» деген жалған хаттардан сақ болыңыз. Бұл алаяқтардың жеке деректеріңізге қол жеткізу үшін ұйымдастырылған арнайы айла-шарғысы болуы мүмкін.
6️⃣. Сенімді ақпарат көздерін қолданыңыз
📊 Қаржыңызға қатысты барлық ақпаратты тек ресми дереккөздерден алыңыз. Банктердің, үкімет сайттарынан, лицензияланған қаржылық кеңесшілердің кеңесін ұстаныңыз.
7️⃣. Қаржылық қауіпсіздік туралы біліміңізді арттырыңыз
📚 Қаржылық сауатыңызды арттыру арқылы алаяқтардан сақтана аласыз. Жаңа әдістер мен схемалар туралы ақпаратты үнемі бақылап отырыңыз.
Егер ақпарат пайдалы болса, достарыңызбен бөлісуді де ұмытпаңыз!
#қазынакеңес