Қаржылық сауаттылық: Қарапайым жолмен ақша жинаудың 3 жолы

Автор: редактор 16 мая, 2024


Қаржылық сауаттылық: Қарапайым жолмен ақша жинаудың 3 жолы

Статистикаға сүйенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі қаражатын үйде емес, банкте сақтағанды жөн көреді екен. Иә, ақшаны депозитте сақтау өте тиімді әдістердің бірі. Дегенмен осы тұста нені ескеру керек?

▪️Ақшаны депозитте сақтау арқылы оның саған қалай жұмыс жасап жатқанын аңғаруыңа болады. Бұл әдісті көп жағдайда ертеңгі күніне бей-жай қарамайтындар қолданып жатады. Өздерің білетіндей, тауарлар бағасы күн сайын қымбаттап жатыр. Осы тұста, ақшаны үйде сақтасаң, ол инфляцияға ұшырайтынын ескеруің керек. Ал депозитте сақтау арқылы бұл кедергіні алдын аласың.

📌 Депозиттің тағы бір артықшылығына тоқталып өтейік. Мысалы, сен таңдаған банк Ұлттық банктің кепілдігіне кірсе, ол банкротқа ұшыраған жағдайда салған ақшаңды қайтарып ала аласың.

📌 Сондай-ақ мұнда тұрақты өсім болады. Нақтырақ айтсақ, депозит ашқан кезде бекітілген жылдық пайыз сақталады.

📌 Алайда қаржыны депозитке саларда ең бірінші банктің қаржы рейтингісіне қарап алғаның жөн.

📌 Ақшаны сақтау уақытына қарай депозит ұзақмерзімді және қысқамерзімді болып келеді. Аты айтып тұрғандай, қысқамерзімді депозиттің пайыздық мөлшері төмен болады. Сонымен бірге ақшаны қалаған уақытыңда айыппұлсыз шешіп алуға мүмкіндігің бар. Ал бұл ақша жинауға кедергісін келтіреді.

📌 Ұзақмерзімді депозиттің пайыздық мөлшері жоғары болады. Бір артықшылығы, белгіленген мерзімінен бұрын қаражатты шешіп алуға мүмкіндік болмайды.

📌 Ал енді “акция түрінде сақтауға бола ма?” деген сұраққа жауап берейік. Акцияларда тәуекел жоғары болатынын есіңнен шығарма. Себебі оның бағасы бірде түсіп, бірде көтеріліп отырады. Сондықтан толыққанды ақпаратқа көз жеткізіп, сақтағаның дұрыс.

💸 Ақшаның бір бөлігін жинауды әдетке айналдыр. Үнемдеуді жеңілдету үшін түсінікті әрі дұрыс жұмыс істейтін стратегияларды қолдан.

Мысалы, 5 конверт техникасын алып қарастырайық. Бұл әдіс бойынша шығын түрін анықтап, негізгі төлемді конвертке бөліп, салып қоясың. Осылайша ақшаны 5 бөлікке бөлесің.

➕60% — ай сайынғы шығындарға жұмсалатын қаражат;

➕10% — үлкен сомадағы қажеттілігіңе арналған ақша. Мәселен, қол сағатын алғың кеп жүр. Сен ай сайын түсетін қаржыдан 10%-ын үнемдеп отырсаң, оны сатып алуға мүмкіндік туады.

➕10% — жоспарланбаған шығындар үшін. Мысалы, күтпеген жерден телефон немесе ноутбук бұзылып қалуы мүмкін.

➕10% — демалыс үшін: театр, кино, мейрамхана шығындары.

➕10% — депозитке немесе арнайы сандықшаға жиналатын ақша. Бұл сәтте өзіңе қауіпсіздік жастығын қалыптастырасың.