Назарларыңа қаржылық сауаттылықтарыңды арттыратын ТОП-4 кітапты ұсынамыз📚
📔Ақша ақшаны жасайды (Деньги делают деньги)
Қаржылай тәуелсіз болу — адамға берілген еркіндік. Бұл санаттағы жан ақшаға күнкөріс құралы ретінде қарамайды. Дмитрий Лебедев аталмыш кітапты өзінің, тұтынушыларының, достарының, таныстарының қаржылық еркіндікке қол жеткізу тәжірибесіне сүйене отырып жазды. Ондағы барлық мысалдар мен ұсыныстар нақты әрі тексерілген. “Ақшаны қайда салуға болады және қайда сақтау керек?”сынды сұрақтарыңызға жауап табасыз.
Бұл кітап — ақша тапшылығы шеңберінен шығуға көмектеседі. Автор сізге жеке капиталды қалай құруды, оны үнемдеу мен көбейтуді үйретеді. Осылайша ақша күн тәртібіндегі бірінші мәселе болуын доғарады. Сіз шынымен өмір сүруді үйреніп, демалып, саяхаттап, басқаларға көмектесе алатын боласыз.
⠀
📕 Вавилондағы ең бай адам (Самый богатый человек в Вавилоне)
⠀
Бұл кітап 1926 жылы жазылған. Авторы – Джордж Самуэл Клейсон. Мұнда Ежелгі Вавилондағы оқиғалар сипатталады. Кітап авторы өзінің бір әңгімесінде «Адамның байлығы оның әмиянындағы теңгенің санымен өлшенбейді. Байлық оның табысына байланысты айқындалады», – деген екен.
⠀
Осылайша, ол табыс саяхаттағаныңа немесе қажетті заттарыңды алғаныңа қарамастан көбеюі керек деген тұжырымға келеді. Клейсонның аталмыш кітабы әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, ең үздік туындылардың қатарына енді. Бүкіләлемдік бестселлерге айналған туындыда байлыққа қатысты ежелден келе жатқан ережелер айтылған. Сондықтан бұл әрбір миллионер оқыған кітап деп есептеледі.
⠀
Туынды өте қарапайым әрі түсінікті тілде жазылған. Бұл жерде қаржыңызды жоспарлауды, табысыңызды сақтауды және оны үнемдеуді үйретеді. Мұны «байлық әліппесі» деп те атайды. Себебі аталмыш кітап жүз мыңдаған адамға қаржылай тәуелсіз болуға көмектесті. Сен де оқып, миллионерлердің қатарына қосыл!
⠀
📗 Бай әке, кедей әке (Богатый папа, бедный папа)
⠀
Бұл америкалық кәсіпкер, инвестор, жазушы Роберт Кийосакидің 26 млн данамен тараған бүкіл әлемге танымал кітабы. Туынды ақшаны дұрыс жұмсап, сауатты басқарғысы келетін адамдар мен жас кәсіпкерлерге арналған. Мұнда Роберт Кийосакидің басынан өткен оқиғалары баяндалады. Кітаптың мақсаты Роберттің балалық шағында ақшаға байланысты айтылған екі түрлі тәрбиелік көзқарасына негізделеді. Бірі — білім министрі болып қызмет еткен өзінің туған әкесінің тәрбиесі болса, екіншісі — Майк атты досының бизнесмен әкесі. Ол Гавай аралдарындағы ең бай адамдардың бірі болады.
⠀
Бірінші әкесі «Жақсы оқы, жақсы мекемеге жұмысқа тұрасың» деп өсиет айтса, екіншісі: «Мықты оқы, кейін жақсы компания тауып, оны сатып аласың» – деді. Осылайша тәрбиелік жолда екіншісін таңдаған Роберт қаржылық жолда үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.
⠀
📘 Қаржылық еркіндікке апаратын жол (Путь к финансовой свободе)
⠀
Белгілі бизнес-кеңесші Бодо Шефердің аталмыш кітабы адамдарды қаржылық еркіндікке жетелейді. Автордың пікірінше, егер адамның басында қаржылық мәселе болса, ол ақша туралы көп ойлай бастайды. Сонымен қатар ол байлар мен кедейлер банктегі шоттың мөлшерімен ғана емес, ойлау қабілеттерімен де ерекшеленетінін айтады. Себебі ой арқылы энергия пайда болады. Ал энергияға байланысты ақша келеді.
⠀
Автор табысты арттыруға байланысты бірнеше кеңес ұсынады. Нақтырақ айтсақ, тапқан табыстың белгілі бір пайызын үнемдеп отырасыз. Табысыңызды арттырып, оның да белгілі мөлшерін үнемдеуді әдетке айналдырасыз. Кітапта осыған қатысты көптеген ақпараттар айтылған. Оқып шықсаң, қаржылық еркіндікке ерте қол жеткізетініңе сенімді бол!
✔️ Ақша ақшаны жасайды (Деньги делают деньги)
Еркіндіктің ең маңызды түрі – қаржылық тәуелсіздік. Қаржылай еркін адам ақшаға күнкөріс құралы ретінде қарамайды. Дмитрий Лебедев бұл кітапты өзінің қаржылық еркіндікке қол жеткізу тәжірибесіне және тұтынушыларының, достарының және таныстарының тәжірибесіне сүйене отырып жазды. Ондағы барлық мысалдар мен ұсыныстар нақты әрі тексерілген. Ақшаны қайда салуға болады және қайда сақтау керек? сынды сұрақтарыңызға жауап табасыз.
Бұл кітап — ақша тапшылығы шеңберінен шығуға көмектеседі. Автор сізге жеке капиталды қалай құруды, оны үнемдеу мен көбейтуді үйретеді. Осылайша ақша күн тәртібіндегі бірінші мәселе болуын доғарады. Сіз шынымен өмір сүруді үйреніп, демалып, саяхаттап, басқаларға көмектесе алатын боласыз.