Қазақстанда қаржылай сыйақы алуға мүмкіндік беретін ТОП-3 конкурс – 2024 жылға шолу

Автор: редактор 04 Сәуір, 2024


Қазақстанда қаржылай сыйақы алуға мүмкіндік беретін ТОП-3 конкурс – 2024 жылға шолу

1️⃣ “Абай-Верн” шәкіртақылық бағдарламасы

2024-2025 оқу жылына “Абай-Верн” шәкіртақылық бағдарламасы бойынша конкурс жарияланады.

“Абай-Верн” шәкіртақылық бағдарламасы – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Француз Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасындағы бірлескен бағдарлама.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бұл Бағдарлама шеңберінде мамандық таңдауға шектеусіз қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын екінші оқу жылындағы магистранттар үшін 45 шәкіртақы және диссертациялық жұмысын бірлескен ғылыми жетекшілік негізінде жүзеге асыруды көздеген докторанттар үшін 5 шәкіртақы ұсынылады.

📍Магистратураға шәкіртақы алуға конкурсқа қатысу шарттары:

Қазақстан Республикасының азаматтығы;
жас шамасы шектеусіз;
2024-2025 оқу жылына қазақстандық ЖОО магистратурасының 2-ші курсына тіркелу;
Францияның ЖОО-на Master 1 немесе Master 2 бағдарламасы бойынша- қабылданғаны жөнінде шақыру немесе растау хаттың болуы;
басымдық қос диплом бағдарламалары бойынша білім алушыларға беріледі.

📍Докторантураға шәкіртақы алуға конкурсқа қатысу шарттары:

Қазақстан Республикасының азаматтығы;
жас шамасы шектеусіз;
2024-2025 оқу жылына диссертацияны бірлескен ғылыми жетекшілікпен даярлауды көздейтін қазақстандық ЖОО докторантурасының 1-ші курсына тіркелу;
Францияның ЖОО-на докторантураның 1-ші курсына қабылданғаны жөнінде шақыру немесе растау хаттың болуы;

2️⃣ “Тәуелсіздің ұрпақтары” гранты

Жетісу облысында, “Тәуелсіздік ұрпақтары” жобасы аясында, жастарға арнайы грант тағайындалады. Өтінім беру басталды.

📌Мақсат – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.

Грант 5 бағыт бойынша беріледі: мәдениет, ғылым, бизнес, медиа және ақпараттық технологиялар.

Аталған бағытар бойынша облыстың 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастары қатыса алады.

📍Өтінімдерді қабылдау 2 сәуір мен 2 маусым аралығында Қоғамдық даму басқармасымен жүзеге асырылады.

📍Үміткерлердің конкурстық өтінімдері мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды нұсқада tauelsizdik_jetisy@mail.ru поштасына қабылданады.

3️⃣ “Dala Dauysy” республикалық конкурсы

Мәдениет және ақпарат министрлігі дәстүрлі, классикалық, эстрадалық және театр өнері жанры бойынша шығармаларды жарыққа шығаратын авторларды қолдау және насихаттау мақсатында, Республикалық “DALA DAUYSY” конкурсын жариялады.
Шығармашылық конкурстың жалпы жүлде қоры – 47 млн теңге.

📍Республикалық конкурс мәдени мұрамызды сақтау, қайта жаңғырту, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, өскелең ұрпақты адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелейтін жаңа туындылар авторларын қолдау мақсатында өткізіледі.

📍Конкурс 5 номинация бойынша 15 сыйлықты қамтиды: «Үздік фольклорлық музыка», «Үздік классикалық музыка», «Үздік драматургиялық туынды», «Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы», «Республика әні» (Эстрада жанры), Мәдениет және ақпарат министрлігінің екі арнайы жүлдесі қарастырылған.

Жеңімпаздар мен лауреаттарды жабық тәртіп бойынша арнайы құрылған қазылар алқасы анықтайды. Оның құрамына Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері кірді.

Конкурсқа соңғы екі жылда жазылып, көпшілік алдында жарияланбаған қазақстандық композиторлар мен жазушылардың шығармалары қабылданады. Жоба көпшілік қауымға заманауи өнердегі жаңа есімдерді таныстырмақ.

📍Өтініш қағаз түрінде 2024 жылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейін, Астана қаласы, Қалибек Қуанышбаев көшесі 8/1, № 229 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.