Қазақстандық жемқор шенеуніктер туралы хабарлағандар үшін қанша сыйақы төленеді?

Автор: редактор 21 ноября, 2023


Қазақстандық жемқор шенеуніктер туралы хабарлағандар үшін қанша сыйақы төленеді?

Егер сыбайлас жемқорлықпен бетпе бет келсеңіз, төменде көрсетілген мөлшерде ақшалай сыйақы алуыңызға болады.

1️⃣ Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК (103 500 теңге);

2️⃣ аса ауыр емес сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК (138 000 теңге);

3️⃣ ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК (172 500 теңге);

4️⃣ ауыр сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК (241 500 теңге);

5️⃣ аса ауыр сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК (345 000 теңге).

Сонымен бірге кейбір жағдайда көтермелеу сертификаты беріледі немесе алғыс білдіру түрінде белгіленуі мүмкін.

Ынталандырулар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

📌 Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы 1 АЕК 3450 теңге болып белгіленген.

🟢 Мәселен, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған 50 тұлға сыйақы алған. Бұл туралы антикор мәлімдеді.

2022-2023 жылдардағы сыйақының ең жоғары мөлшері 12 миллион теңге болды. Бұл соманы Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарын әшкерелеуге көмектескен қарапайым тұрғын иеленді.

📞 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы нақты ақпарат бергісі келетіндер 1424 байланыс орталығына хабарласа алады.