“Бақа жеу” әдісі: Нәтижеге жетудің ең тиімді тәсілі

Автор: редактор 02 июня, 2025


“Бақа жеу” әдісі: Нәтижеге жетудің ең тиімді тәсілі

📍 Таң ата салысымен-ақ санамызда шешілмеген шаруалар тізімі сарт-сарт ете бастайды. Ұсақ-түйек істер, күйзелтетін тапсырмалар, кейінге ысырылып жүрген жұмыстар. Бірақ солардың ішінде ең көп уайым тудыратын бір шаруа бар. Біз одан қашқақтаймыз. Ол “бақа” деп аталады.

🟢 Егер күннің басында бір бақа жеуге тура келсе, қалған істеріңіз жеңіл өтеді. Себебі ең қиыны — артта қалады.

Міне, “Eat the Frog” әдісінің негізгі философиясы да осы.

🐸 Eat the Frog дегеніміз не?

Бұл – өнімділік пен тәртіпті арттыруға арналған Брайан Трейсидің танымал әдісі. Мағынасы – күніңізді ең маңызды әрі ең қиын тапсырмадан бастау.

 • “Бақа” — сіз кейінге қалдырып жүрген, бірақ орындай алсаңыз, өміріңізді алға жылжытатын іс.

 • Оны орындамай тұрып басқа шаруаға кіріссеңіз — ішкі қысым мен мазасыздық кетпейді.

🌄 Бұл әдісті қалай қолдануға болады?

1️⃣ Бақаңызды анықтаңыз.

Күнделікті істер тізіміндегі ең ауыр әрі жиі кейінге қалдыратын тапсырма — сол сіздің “бақаңыз”.

2️⃣ Бақаңызды бірінші орындаңыз.

Таңертең ми сергек, күшіңіз мол. Сол сәтті ең маңызды іске арнаңыз.

3️⃣ Бақаға ұзақ қарап тұрмаңыз.

Жоспар, анализ, “дайындық” деген сылтауларға берілмеңіз. Қиыны — бастау. Қалғаны өзінен өзі жүреді.

4️⃣ Бұл әдісті әдетке айналдырыңыз.

Күн сайын ең қиын істі бірінші орындау — тәртіп пен табандылықтың кепілі.

📍 Неге бұл әдіс тиімді?

✅ Сергек шақта шешім қабылдайсыз.

Таңда оңай көрінетін іс, кешке ауыр боп сезіледі.

✅ Психологиялық жеңіс береді.

Тапсырма орындалған сайын — миыңыз “мен мықтымын” деп қуаттанады.

✅ Ішкі кінәдан арылтасыз.

Кешке дейін маза бермейтін “жасауым керек еді” деген ойдан құтыласыз.

🧘‍♀️ Мысалдар:

Магистрант:

– Бақа: ғылыми жұмыстың кіріспесін жазу.

– Таңертең осыған 1 сағат бөлсеңіз — күннің қалған бөлігінде өзіңізді жеңіл сезінесіз.

Журналист:

– Бақа: қиын спикермен хабарласып, сұхбатты келісу.

– Бұл істі түске дейін атқарып тастасаңыз — материал тезірек дайын болады.

🧭 Қандай іс – нағыз “бақа”?

 • Ұзақ уақыт кейінге шегерілген;

 • Көңіл күйіңізді түсіріп жүрген;

 • Орындасаңыз — нәтижесі зор болатынын білесіз.

🟨 Бақа міндетті түрде үлкен, күрделі іс болмауы да мүмкін. Ол – сіздің ең көп уайымдатып жүрген, бірақ бітсе, жеңілдік әкелетін іс.

📝 Қорытынды:

“Бақа жеу” – әдемі естілмегенімен, өмірде шынайы нәтиже беретін әдіс. Күніңізді ең күрделі тапсырмадан бастауға батылдық таба білсеңіз, қалғанының бәрі оңай.

Бір күнде бір бақа жеген адам — бір жылда үлкен жетістікке жетеді.