Бақыт сыйлайтын ТОП-4 гормон: оны қалай қалыптастырамыз?

Автор: редактор 12 Наурыз, 2024


Бақыт сыйлайтын ТОП-4 гормон: оны қалай қалыптастырамыз?

👥 Гормондар – адам ағзасының әртүрлі безі шығаратын биологиялық белсенді зат. Олар қан арқылы өтеді және дененің көптеген функциясында маңызды рөл атқарады. “Гормон” термині “қозғалу”, “индукциялау” дегенді білдіретін грек сөзінен шыққан. Ал соның ішінде адамдар үшін ең маңыздысы – бақыт гормондары. Сөз барысында “Бақытты бол!” деп жиі айтқанымызбен, бақыттың қалай қалыптасатынын шын мәнінде түсінбей жатамыз.

1️⃣ Серотонин гормоны

Серотонин – “бақыт гормонының” бір түрі. Бұның қажетті деңгейде бөлінбеуі, адамның күйзеліске ұшырау қаупін арттырады. Серотонин – триптофан аминқышқылының туындысы, мида басқару қызметін атқарады. Ол бір жүйке тізбегінен екіншісіне ақпарат тасымалдайды және жүйке жасушаларының өзара қарым-қатынасын нығайтады. Мидың жұмысын реттей отырып, ұйқыға, тәбетке, бұлшық етке және адамның мінезі мен көңіл күйіне әсер етеді.
Көптеген маман адамдарда кездесетін эмоциямен байланысты мәселелерді мидағы осы заттың бұзылуымен байланыстырады. Күйзеліс, мазасыздық жағдайында серотонинге әсер ететін препараттар тағайындалады. Серотинин әртүрлі органдарда кездеседі. Әсіресе мидың, ішектің әртүрлі торшаларында, кеміргіштердің тромобоциттердіде және мес торшалардың қүрамында өте көп болады.

👣Серотониннің жеткілікті мөлшерде өндірілуі үшін белсенді өмір салтын ұстанып, күн мен таза ауада көбірек уақыт өткізуіңіз қажет. Сондай-ақ тыныштандыратын әуен тыңдағаныңыз жөн.

2️⃣ Эндорфин гормоны

Эндорфин – күндіз, яғни, жарық жерде көбейеді. Сондықтан әрбір күн сайын кемінде 15-20 минут серуендеуді әдетке айналдырыңыз. Ағзадағы эндорфинның қалыптасуын глюкоза да жүзеге асыра алады. Сондықтан тәттіден, оның ішінде, қара шоколадтан бас тартпаңыз. Эндорфин әсер еткен кезде одан бөлінетін қосымша заттар адамның көңіл күйін көтеріп, эйфорияға алып келеді.

📌 Эндорфиндер мен дофамин жиі шатастырып жатады. Өйткені олардың әрқайсысы адамды бақытты ететін химиялық зат. Олар шын мәнінде бір-бірімен тығыз байланысты. Себебі эндорфиндер орталық жүйке жүйесіндегі рецепторларға әсер еткенде, дофамин бөлінеді.

3️⃣ Дофамин гормоны

Дофамин адамды алға жетелеуші гормон. Яғни, алға қойған мақсатыңызға талпындырып, нәтиженің ләззатын сезінуге көмектеседі. Істі кейінге қалдыру және өз-өзіңізге деген күмән гормондардың төмен деңгейінің нәтижесін білдіреді. Бір нәрсе үшін мақтау естіген кезде адамда дофаминнің бөлінуі артады.

Бұл гормон қан қысымын реттейді, жүрек соғысын жиілетеді. Қан ағымын және бүйрек фильтрациясын жоғарылатады. Дофамин деңгейін позитивті ой, сүйіспеншілік, махаббат жоғарылатады. Игі істер атқару, белсенділік таныту, шараларға қатысу да дофаминнің артуына жақсы әсер етеді.

4️⃣ Окситоцин гормоны

Бұл гормон сүйіспеншілік, қамқорлық және жақын қарым-қатынаспен тығыз байланысты. Окситоцин қанағаттану сезімін тудырады. Мазасыздықтың төмендеуі және серіктес жанындағы тыныштық сезімін сыйлайды. Көптеген зерттеулер окситоциннің адаммен қарым-қатынаста болатындығын, сенімді арттырып, қорқынышты төмендететінін дәлелдеді. Ол мидың мінез-құлық, қорқыныш және алаңдаушылыққа жауап беретін аймақтарына әсер етеді.
Окситоцин бұлшықет регенерациясын тез жақсартады. Аутизм ауруын емдеудің тиімді әдісі бола алады. Аустралиялық ғалымдардың егеуқұйрықтарда жүргізген зерттеулерінде бұл гормонды үлкен дозада енгізу арқылы жануарлардың алкогольге деген жеккөрушілік реакциясы туғаны анықталды. Яғни адамның алкогольге тәуелділігін емдеуге көмектеседі.

Окситоцин көп мөлшерде бөлінуі үшін жақындарыңызбен жиі араласып, сезіміңізбен бөлісіңіз. Кемінде күніне бір рет құшақтасуды ұмытпаңыз. Үй жануарларын бағып, оларға қамқорлық жасаңыз.