Балаңыздың болашағына инвестиция: “Aqyl” депозиті туралы не білеміз?

Автор: редактор 11 мая, 2023


💴 Мемлекеттің бірнеше жыл бұрын әр баланың болашағына үлкен серпін беретін жаңа жобаны қолға алғаны баршамызға мәлім. Бұл — “Aqyl” білім беру депозиті. Аталмыш депозит балаңыздың болашағына салынған қаражатты миллионға жеткізуге көмектесіп, сапалы білім алуына көмектеседі. 

🏢 Оқу ақысын пайдалануға болатын салымды ашу арқылы әр азамат баласының болашақта Қазақстанда немесе шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім алуына мүмкіндік жасай алады.

📌Aqyl депозитінің қандай артықшылықтары бар? 

1️⃣ Жыл сайын мемлекеттен төленетін сыйақы

2️⃣ Депозитті басқару мүмкіндігі

3️⃣ Депозит кепілдігі бар

4️⃣ Оқу орнын таңдауға ешқандай шектеу қойылмаған

5️⃣ Жасқа шектеу жоқ

6️⃣ Өз бетіңізше салымды бақылай аласыз

Банктен түсетін кіріс

Кесте жоғарыда👆

💳 ДЕПОЗИТ АШУ ҮШІН НЕ КЕРЕК?

Депозит ашу үшін құжаттардың ең төменгі пакеті: 

— ата-ананың жеке куәлігі/паспорты;

— баланың туу туралы куәлігі.

💸 Депозитке бастапқы жарна 3 АЕК-тен кем болмауы қажет. 

💸 Халық банкінде – 15 000 теңге. 

🖍️ Ескерту: Егер қаражат мерзімінен бұрын өз мақсатына сай жұмсалмаған жағдайда мемлекет сыйақысы кері қайтарылады. Себебі бұл нақты бағыты бар депозит. Сондықтан білім алу үшін жиналған қаражат білімге жұмсалмаса, онда мемлекеттік сыйақы берілмейді. Ал банктің беретін сыйақысы қалтаңызда қалады.

#қазынакеңес #лайфхак #банк