Барлық іске үлгеру: Уақытты дұрыс пайдалануға арналған 4 кеңес

Автор: редактор 03 декабря, 2024


Барлық іске үлгеру: Уақытты дұрыс пайдалануға арналған 4 кеңес

🟩 Нақты жоспардың болмауы өмірде қандай да бір нәтижеге жетуіңізге кедергі жасайды. Ол көп істің орындалмауына әкеліп, соның салдарынан жұмыста немесе сабақта аяқсыз қалған жұмыс көбейе береді. Ал бұл күйзеліске және сенімсіздікке әкеледі. Осы тығырықтан қалай щығуға болады? Бәріне үлгеру үшін нені ескергеніміз жөн?

🟢 Мақсат қойыңыз және орындаңыз

Сіздің іскерлік мақсаттарыңызға — қысқа мерзімді де, ұзақ мерзімді де мақсаттарға жетуге көмектесетін іс-әрекеттер болғаны абзал. Өз уақытыңызды алдын-ала ойластырып, оны мағынасыз нәрселерге жұмсамаңыз. Мысалы, әртүрлі іс-шараларға қатысып, сіз жаңа адамдармен қарым-қатынас орнатасыз, сонымен қатар басшылықпен танысуға, белсенді қызметкерлермен байланыс орнатасыз.

Жазылған тізім бойынша іске кірісіңіз
Өміріңізді қиынтадпаңыз және келесі төрт тізімді жасаңыз:

* Күнтізбе — жыл бойына күнделікті жоспарлар жасап, оларға ұқыпты қарау.
* Міндеттер тізімі — негізгі үш немесе төрт маңызды және жедел тапсырмалар болуы керек.
* Контактілер тізімі — электрондық поштаға қоңырау шалу немесе кімге жіберу керек екенін жазыңыз. Есімдері алфавиттік ретпен тұруы керек.
* Кездесу жоспары — жиналыста не іскерлік әңгімелесу кезінде не талқылау керек екенін көрсетіңіз.

Осы тізімдердің әрқайсысы сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес бейімделуі мүмкін. Ең бастысы — режимге үйренуіңіз қажет.

🟢 80/20 ережесін орындаңыз

Бұл ереже Парето заңы деп аталады.  Бұл ережені итальяндық экономист Вильфредо Парето ойлап тапты. Егер сіз осы ережені уақытты басқаруға қолдансаңыз, онда сіз 20%  әрекет етуіңіздің арқасында 80% істің нәтижесін көресіз.

Мысалы, сіздің жоспарыңызда 10 пайдасыз тапсырмалар тізімі бар. 80/20 қағидасы бойынша, сіз алдымен алғашқы екеуімен жұмыс жасайсыз, себебі бұл тапсырмалар сіз үшін үлкен пайда әкеледі.

Ережені ұстанып, көп уақытты ең маңызды нәрселерге арнау.

🟢Бас тартып үйреніңіз

Мансап жолының өсу сатысында кейбіреулер ұсынылатын кез келген жобаға қатысуға дайын. Нәтижесінде, өнімділік зардап шегеді, өйткені барлық тапсырмаларды орындауға уақытыңыз болмайды. Ал осындай жағдай «жоқ» деген сөзді айта алмауыңыздан туындайды. Сондықтан да көп істен бас тартып үйреніңіз. Уақытты тиімді пайдаланып, өзіңіз қызығатын істерді ғана атқарыңыз.

🟢 Кедергі келтіретін факторлармен күресіңіз

Күнде қанша сағат уақытыңызға кедергі келтіретін іспен айналасатыңызды есептеңіз. Жұмыс уақытында әріптестеріңіз немесе туысқандарыңыз қанша уақытыңызды алады? Әлеуметтік желілерде қаншалықты көп отыратыныңызға мән беріңіз. Зерттеушілер осындай кедергі келтіретін істер 6 сағат уақытыңызды алып қоятынын анықтаған. Ал жұмысқа қайта оралуыңыз үшін  23 минут кетеді.
Барлығын бірден аяқтауға тырыспаңыз.
Бұл көп адамдардың ең басты қателігі. Маңызды істерден бөлек, кейінге шегеруге болатын істердің тізімін жасаңыз.