Дауысты ашуға арналған ТОП-5 жаттығу
👥 Коммуникацияның негізгі бөлігі ауызша сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу, пікір алмасу бұл кезек күттірмейтін міндет. Өтімді дауыс жұмыс барысында әдемі келіссөз жүргізуге, кез келген адаммен пікір алмасуға, эмоцияны білдіруге және ақпарат жеткізуде өте қажет.
⠀
Жалпы, әдемі дауыс сізге жеке және кәсіби өміріңізде айтарлықтай артықшылық береді.
☝
⠀
Егер сіз дауысыңызды түрлі екпінге салғыңыз келсе, даусыңыздағы кемшіліктерден арылғыңыз келсе, дауысыңыз тым жай шықса cізге біздің дауысқа арналған жаттығуларымыз көмектеседі! ✅
Ал дауысқа арналған жаттығулар сізге не береді?
⠀
🔺 Ұзақ уақытқа созылатын әңгімелер мен жиындарда даусыңызды жоғалтып алмауға;
⠀
🔺 Даусыңызды басқара білуге;
⠀
🔺 Психологиялық соққыларға тойтарыс беруге;
⠀
🔺 Әдемі дауыс қалыптастыруға;
⠀
🔺 Дауыс ауқымын кеңейтуге көмектеседі.
Адамның қай жерінде сүйек болса, сол жерінде діріл, дауыс болады.
Дауысты көлемді, анық етіп шығару үшін кеудеге арналған жаттығуды жасап, дауысты оятамыз. Есіңде болсын, дауысты тамақтан қысып шығарма. Дауыс кеудеден шығуы тиіс. Ал дауысты ашу үшін төменде көрсетілген жаттығуларды жасағаның жөн.
🔴 Ендеше назрларыңызға дауысқа арналған алғашқы жаттығуымызды ұсынамыз.
1️⃣ Кеудені соққылау арқылы «ДА» деп дыбыстаймыз.
2️⃣ Орманда адасып кеткен кейіпте «Аууу» деп дыбыстау
3️⃣ Желдің дыбысын «УУУ» деп дыбыстап келтіреміз.
4️⃣ Үш тонда сандарды санап шығамыз.
1 — Жоғары тон
2 — Орта тон
3 — Төменгі тон
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
⠀
5️⃣ Қалыпты жағдайда – басыңызды түзу ұстаңыз. Үзілмелі дауыссыз б, п, д, т, г, к дыбыстарын а, о дауысты дыбыстарымен тіркестіріп кезекпен кезек айтып көріңіз.
⠀
Мәселен, Бао тао рао Пао гао лао Дао као мао нао.
⠀
Бұл жаттығуды әуендетіп жоғары және төменгі екпінде айтқаныңыз дұрыс.