Әдемі сөйлеуге арналған ТОП-4 қадам

Автор: редактор 26 декабря, 2023


Әдемі сөйлеуге арналған ТОП-4 қадам

☝🏻Сөздік қордың аз болуы — адамдардың басым бөлігінде кездесетін негізгі мәселелердің бірі. Сондықтан көпшілік қауымда оны қалай дамыта аламын деген сұрақтың туындайтыны рас.

Сөздік қорды дамыту сіз ойлағандай қиындық туғызбайды. Бұл жерде сізден сұралатыны — тұрақтылық пен әрекет. Сол себепті “Тойда тосылмай сөйлегім келеді. Адамдардың алдында пікірімді қысылмай айтқым келеді” десеңіз онда біздің кеңеске көз жүргіртіп шығыңыз. 🔥

📌 Әдеби кітаптарды оқу — сөздік қорды дамытудың ең үздік әдісі. Өйткені әдеби кітаптардан өзіңіз білмейтін жаңа сөздерді кездестіретініңіз анық. Сол сөздерді күнделігіңізге түртіп алып, мағынасын іздеп, зерттеңіз. Ол жадыңызда сақталады.

📌 Паразит сөздерді қолданбау. Бұл сөздер ойыңызды дұрыс жеткізуге кедергі келтіреді. «Ана», «жаңағы», «яғни» деген сөздердің орнына нақты әрі түсінікті сөздерді қолдануға тырысыңыз. Барынша ауызыңыздан шыққан әрбір сөзге мән беріңіз. Нәтижесінде ойыңызды орынды жеткізуге машықтанасыз.

📌 Жазу арқылы сөздік қорды дамытуға болатынын білесіз бе?! Иә, сіз жазған сайын айтатын ойыңызды әр түрлі сөзбен жеткізуге тырысасыз. Сөйлемдеріңіз, одан құралған мәтін сәтті шығу үшін жаңа сөздерді қалай қолданып бастағаныңызды өзіңіз де байқамай қаласыз. Қолыңызға қалам алыңыз да, жаза беріңіз!

📌 Афоризмдерді, өлеңдерді, дәйексөздерді жаттау.

Сөздік элементтерді жаттаудан гөрі, жанға әсер ететін сөз тіркестерін үйрену әлдеқайда тиімді. Байланысқан сөздердің бәрін белгілеп, жазып алыңыз. Үйреніңіз, қайталаңыз және қайталаңыз. Уақыт өте келе сөздік қорыңызда қызықты өрнектер пайда болады.

Ал сіз сөздік қорды дамытудың қандай жолын қолданып жүрсіз?🤔