✔️ Джеймс Юджин Керри — канадалық әрі американдық актер, әзілқой, сценарист және продюсер. Өнер иесі “Маска”, “Бэтмен мәңгілік”, “Эйс Вентура: Үй жануарларын іздестіру”, “Эйс Вентура: Табиғат шақырғанда”, “Өтірікші өтірікші”, “Құдіретті Брюс”, “Трумэн шоуы”, “Айдағы адам” фильмдерімен танымал. Ол комедия жанры бойынша АҚШ-та жоғары жалақы алатын актерлардың бірі. «Однажды укушенный» фильмінде алғашқы басты ролін сомдады. Керридің талантын сыншылар жоғары бағалады. Актер алты мәрте «Алтын глобус» номинациясын иеленді. Сонымен қатар BAFTA және басқа да бірқатар марапаттың иегері. БАҚ өкілдері Кэрридің мансап жолында ешқашан «Оскарға» ұсынылмағанын бірнеше рет атап өтті.
📌 Ендеше назарларыңызға өнер иесінің нақыл сөздерін ұсынамыз.
1️⃣ Менің өмірім емес, түсім қорқынышты.
2️⃣ Мәселелерді дәрі ішу арқылы тұншықтырмаңыз. Оларды шешіңіз.
3️⃣ Мен есімі ғасырлар бойы сақталатын ұлы актер болғым келді. Осы арқылы өзімді мақтан етемін деп ойладым. Бірақ қателесіппін. Айтарым, жай ғана өз-өзіңізбен болып үйреніңіз. Болды, басқа ештеңе қажет емеч.
4️⃣ Егер сіз арманыңыздан бас тартсаңыз, сізде басқа не қалады?
5️⃣ Жағдай шынымен нашарлап кетсе, тек күлу ғана қалады.
6️⃣ Егер дәл қазір әрекетсіз жүрсеңіз, онда сізде нақтылық жоқ немесе сіз бір нәрсеге өкінесіз.
7️⃣ Сіздің өміріңіздегі жағдайдың бәрі сіз арқылы емес, сіз үшін жасалады.
8️⃣ Жақсы жігіттер ең соңынан келеді.
9️⃣ Мен мына қағида бойынша өмір сүремін: «сену – өзіңе көз жеткізу – армандау».
🔟 Маған бұрын көзінде мұңы бар әйелдер ұнайтын. Мүмкін мен оларды бақытты еткім келген шығар.
1️⃣1️⃣ Менің өмірімнің негізгі ережелері қандай? Біріншіден, есіңізде болсын: «Өмірім біртүрлі өтіп жатыр, мен өзіме артылған міндетті дұрыс атқарып жатқан жоқпын» деген сезім мазалайтын болса, онда бәрі сізге аяғын сүртетін болады. Екіншіден, ешқашан өзіңізге тым салмақты қарамаңыз. Менің агентім және сенімді екі менеджерім The Cable Guy үшін қаламақы туралы келіссөз жүргізіп жатқанда — бұл менің үйімде болды. Біз екінші тараппен телефон арқылы динамик режимінде сөйлестік …
1️⃣2️⃣ Мен сүйгім келеді және сүйемін. Оның қанша уақытқа созылатыны маңызды емес. Себебі бұл сезім ғасырлар бойы немесе бір сәттік болуы мүмкін.