Ерлер қауымының болмысын ашатын негізгі 6 белгі
⠀
☝🏻 Қазіргі таңда арулардың назарын тек сыртқы келбетіммен ғана қаратып аламын десеңіз, қателесесіз!
⠀
Себебі қыздар сымбатты ажарға емес, еркектік болмысқа мән береді. Егер сіздің бойыңыздан төменде аталған қасиеттер табылатын болса, қуана беріңіз!
⠀
🔴 Білім көкжиегі (кругозор) толысқан адам
⠀
Мұндай жандармен кез келген тақырып аясында әңгіме өрбітіп, жоспар құруға болады.
⠀
🔴 Жомарттық
⠀
Бұл қасиетке ие адамның қолы ашық болып келеді. Ол өмірлік серігін әркез қуанту үшін түрлі тосынсыйлар дайындап, қалауын орындауға тырысады.
⠀
🔴 Қамқорлық
⠀
Егер ер адамның бойынан осы қасиет табылса, өз-өзіңізге сенімді бола берсеңіз болады. Себебі сіздің жаныңызда кез келген ару өзін қауіпсіз сезінеді.
⠀
🔴 Cенімділік
⠀
Яғни, өзіндік көзқарасы мен жеке пікірі қалыптасқан адам. Сонымен қатар өзіне жауапкершілік ала отырып, батылдығының арқасында кез келген тәуекелге бара алады.
⠀
🔴 Әрекеттің адамы
⠀
Сөзің мен ісің сәйкес келсін!
⠀
🔴Жағымды дауыс
⠀
Әйел адамның көңіл күйіне қарай дауыс ырғағын өзгертіп отыру.
⠀
Нәзікжандылар көбіне ер адамның екінші дауыспен сөйлегенін қалайды.
Аталған ережелерді ескере отырып, ойыңыздағы арудың жүрегін жаулап алыңыз!