Gallup қандай тест және ол адамның мықты тұсын анықтауға қалай көмектеседі?

Автор: редактор 26 сентября, 2023


Gallup қандай тест және ол адамның мықты тұсын анықтауға қалай көмектеседі?

✍🏻 Gallup — адам бойындағы таланттар мен қабілеттерді анықтаудың кәсіби әдісі. Бұл тест арқылы адам мықты және әлсіз тұстарымен жұмыс істей алады.

☝🏻 Нәтижесiнде жоғары кәсіби деңгейге қол жеткізуіне мүмкіндік бар. Яғни, өзіңізге деген сенімділікті арттырып, кәсібилігіңізді дамыта аласыз.

Бүгінде әлем бойынша 30 миллионнан астам адам Gallup тестін тапсырып үлгерді.

✔️ Gallup тесті бойынша 34 қасиетіңіз анықталады. Аталмыш тестті 1999 жылы американдық психолог Дональд Клифтон көпшілікке ұсынды. Оның ресми атауы – CliftonStrengths34.

Тестің негізгі мақсаты – адамдардың мықты қабілеттерін анықтай отырып, оны сол бағытта дамыту. Ақылы негізде тапсырылатын тесттің құны — 50 доллар. Теңгеге шаққанда — 24 000 тг. Тест 177 сұрақтан тұрады. Әр сұраққа 20 секунд уақыт беріледі.

📌 Тест адам бойындағы таланттарды төрт бағанға бөледі:

1️⃣ Орындаушы (Executive);
2️⃣ Ықпал етуші (Influencing);
3️⃣ Қарым-қатынас құрушы (Relationship building);
4️⃣ Стратегиялық ойлау қабілеті. (Strategic thinking)

Осы бағыт бойынша сіздің қай салаға жақын екеніңізді білуге болады. Тестті құрастырған институттардың мәліметінше, адамның таланты 86%-ке дейін дәл анықталады. Мұны тереңірек зерттеу үй