Google Calendar қосымшасы арқылы уақытты қалай дұрыс жоспарлауға болады?

Автор: редактор 05 мая, 2025


Google Calendar қосымшасы арқылы уақытты қалай дұрыс жоспарлауға болады?

📌 Google Calendar — әлем бойынша ең танымал және тегін жоспарлау құралдарының бірі. Оның артықшылықтары:

🟢 Тегін әрі қолжетімді: Android, iOS, компьютер — бәріне оңай бейімделеді.
🟢 Қарапайым әрі ыңғайлы: Интерфейсі түсінікті, технологиясымен таныс емес адамдарға да үйрену қиындық тудырмайды.
🟢 Еске салғыш функциясы: Кездесу, тапсырма, туған күн — бәріне уақыт қойып, хабарлама аласыз.
🟢 Күнделікті, апталық, айлық жоспарлар: Уақытыңызды визуалды түрде бақылап, алдағы күндерге дайын боласыз.

Google Calendar-ды тиімді пайдалану жолдары:

1️⃣ Таңғы 5 минуттық жоспарлау

Телефоныңызды ашқан сәтте ең алдымен Google Calendar қосымшасына “Бүгін не істеймін?” деген сұраққа жауап жазыңыз.

2️⃣ Уақытты блоктарға бөліңіз

Бұл тәсіл time-blocking деп аталады. Мысалы:

• 09:00–10:00 — Жұмысқа кірісу, пошта тексеру
• 10:00–12:00 — Шығармашылық тапсырма
• 12:00–13:00 — “Түскі ас пен серуен

Осылайша ойыңызды шашыратпай, бір нәрсеге шоғырлануды арттырасыз.

3️⃣ Күн сайын өзіңізге де уақыт арнаңыз

Кемі 30 минутты өзіңізге арнаңыж: кітап оқу, тынығу, дұға ету, серуендеу.

4️⃣ Апта соңында өзіңізге есеп беріңіз

Өткен күндерге көз жүгіртіп, қайда көп уақыт жұмсағаныңызды, нені елеусіз қалдырғаныңызды бағамдаңыз. Бұл – өзіңізді тәрбиелеудің, дамытудың ең тиімді тәсілдерінің бірі.

‼️ Қорытынды

Уақыт — сіздің ең үлкен капиталыңыз. Оны басқара білген адам өмірін де, арманын да басқара алады. Google Calendar — тек уақытты жоспарлауға үйретіп қана қоймай, өз-өзіңізбен келісім жасауға мүмкіндік береді. Ендеше, уақытымызды – қадірлейік, өзімізді – құрметтейік.