Иммунитетті көтерудің 5 әдісі
1️⃣ Спортпен айналысу
🏄♀️🏌🏻 Спортпен айналысу – денсаулығыңыздың қалыпты нығаюына арналған бірінші қадам. Жиі әлсіздікке ұшырайтын адам жиі серуендеуі керек. Спорттың ішіндегі қолжетімдісі жаяу жүру. Сондықтан үйден дүкенге, жұмысқа жаяу жүруді әдетке айналдырыңыз.
Күнделікті серуеннің табиғат аясында болуын қадағалаңыз. Фитнеске, биге қатысу иммунитетті көтерумен бірге тәніңіздің сұлулығын сақтауға ықпалын тигізеді.
2️⃣ Жылдам жүру
⛹🏻 Жылдам жүру арқылы ағзаға аздап күш түсірсеңіз, сіздің дене қимылыңызға байланысты қан жүгіріп, ағзаңызға оттегі тарайды. Ағзадағы зат алмасу жылдам жүргендіктен, көңіл-күйіңіз де көтеріледі. Ал көңіл-күй жақсарса, иммунитет те көтеріледі.
Мысалы, бірінші күні – 1 шақырым жылдам жүрсеңіз, келесі күні қашықтықты 5 шақырымға дейін жеткізу керек. Қалалық жағдайда жұмысқа дейін немесе жұмыстан кейін бір-екі аялдама жылдам жаяу жүрсеңіз жеткілікті. Иммунитетті көтеру үшін таза ауада серуендеуден гөрі жылдам жүру пайдалырақ.
3️⃣ Салқын сумен жуыну
🏊🏻 Иммунитетті көтерудің бұл түрін де ақырындап бастағаны жөн. Алдымен аяқғыңыздан бастап салқын су құйыныңыз, сосын белден және иықтан төмен қарай, ең соңында төбеңізден төмен қарай салқын су құйыныңыз. Алғашында 1-2 рет жуынып, уақыт өте бұл әдісті көбейтуге тырысыңыз.
4️⃣ Құнарлы ас ішу
🍱 Дұрыс тамақтану иммунитетті нығайтудың қарапайым жолы. Күнделікті ішетін тамағыңыз табиғи, дәрумендерге бай болуы қажет. Құрамында С, Е дәрумендері бар тағамдар, каротиноидтер, омега-3 майлы қышқылдары мен пробиотиктер иммунитетінің күшеюіне жәрдемдеседі. Оларға: жеміс-жидек, көкөніс, бал, ет және т.б жатады. Қанты және қуырылып дайындалған тағамдарды аз пайдаланғаныңыз жөн.
Тіпті, қантты пайдалануға шектеу қойыңыз, себебі қант және өзге де тәттілер иммунитет жүйесін бұзады. Тамақтану рационына балық пен балық майын қосыңыз. Өйткені балық құрамында макрофактардың белсенділігін арттыратын омега-3 майлы қышқылы бар. Макрофагимак – ағзадағы бактериямен қоректенетін ақ жасушалар. Аптасына бір немесе екі рет балық жесеңіз, балық майын күніне бір капсуладан ішсеңіз жеткілікті.
5️⃣ Пайдалы тұнбалар пайдаланыңыз
🍋 Иммунитетті нығайту үшін қытай лимонын, лимон қосылған көк шай, итмұрын және осы сынды шөптің жапырағы мен тамырынан алынатын тұнбаның пайдасы мол.