Үй сатып аларда нені ескеру қажет? – 6 кеңес

Автор: редактор 22 Ақпан, 2024


Үй сатып аларда нені ескеру қажет? – 6 кеңес

🏠 Үй сатып алу шыдамдылық пен мұқияттылықты талап етеді. Сондықтан келісімшартқа қол қоймас бұрын алдымен мүліктің жағдайын және оған арналған құжаттың дұрыс-бұрыстығына мән беріп, сатушының сенімді адам екеніне көз жеткізу қажет.
Егер сіз де үй алуды жоспарлап жүрсеңіз біздің кеңеске көз жүгіртіңіз.

📌 Үй сатып алғанда нені ескеру керек? Не нәрсеге назар аудару қажет? Бұл туралы бүгінгі мақаламызда толық тарқатып жазамыз.

1️⃣ Үйді жылдың қай мезгілінде сатып алған дұрыс?

Ең оңтайлы сәт қыс мезгілі болып келеді. Неге дейсіз бе? Себебі бұл уақытта үйдің аязға қаншалықты төзімді екенін байқауға болады. Жазда оның сапасын тексеріп, сәтсіз тұстарын аңғару қиынға соғады. Сонымен қатар жазда жылжымайтын мүлік бағасы әдетте қыс мезгіліне қарағанда жоғары болады.

Күз бен көктем де үй сатып алуға қолайлы уақыт. Жылдың осы мезгілінде үйдегі ағаттықтарды байқай аласыз. Мәселен, су кету, қабырғаның жарылуы, жолдардың шайылуын атап өтуге болады.

2️⃣ Сатушымен әңгіме: қандай сұрақтар қоюымыз қажет?

Ең алдымен үйдің тіркелген-тіркелмегенін және оған меншік құқығы бар-жоғын анықтау керек. Үй иесінен ғимараттың жеке меншігінде қанша уақыт болғанын біліңіз. Бұл неғұрлым қысқа мерзім болса, бұрынғы меншік иелерінің транзакцияңызға шағымдану қаупі соғұрлым жоғары болады. Сол себепті үйге кем дегенде бір жыл иелік еткені жөн. Ал үй иесінің үш жылдан астам иелік етуі ең жақсы нұсқалардың бірі болып келеді.

Көршілерімен келеңсіз жайттың орын алмағанына да мән беріңіз. Сондай-ақ сатушыдан оның отбасылық жағдайы туралы сұрау керек. Егер сатушы некеде болса, оның жұбайынан да келісім алу маңызды.

📌 Сонымен қатар сатушыға келесі сұрақтарды қойыңыз:

Мүлік неге сатылады?
Барлық коммуникация қолжетімді ме?
Сатушының коммуналдық төлемдер мен салықтар бойынша қарызы бар ма?
Меншік жердің қай санатына жатады?

3️⃣ Жалпы бақылау парағы

Сатып алудан бұрын үйдің келесі сипаттамаларын тексеру керек:

құрылысқа қолданылған материал;
Жердің шекарасы, үйге дейінгі қашықтық;
іргетастың дәл қазіргі жағдайы;
Шатырдың ерекшелігі мен жағдайы;
ұзақ мерзімді құрылыс белгілері бар ма;
жер асты суы жер бетінен қандай қашықтықта орналасқан, су басу қаупі бар ма.

4️⃣ Тіркеу

Пәтерде осы уақытқа дейін кімнің тіркеуде тұрғаны үй кітапшасында жазылады. Пәтер сатып алу кезінде үйдің атына тіркеуге өтпеңіз.
Егер мұны тексермесеңіз, белгілі бір жағдайға күмәндандасаңыз заңгермен байланысу керек.

5️⃣ Сенімхат
Егер сатушы пәтер иесі болмаса, нақты пәтер иесінің сенімхаты керек. Мұнда заңға қарсы ештеңе жоқ. Бәрін мұқият тексеру керек.

Алаяқтар нақты иесі іссапарда болған кезде өтірік сенімхат жасап, пәтерін сатып жібереді. Мұндай жағдайға тап болмас үшін сенімхаттағы қолды үйдің келісім-шартымен тексеріп алған жөн.

6️⃣ Үйді қай уақытта қараған жөн?

Пәтердің қаншалықты жарық екенін сол кезде ғана байқай аласыз. Кешкі уақытта үйдің немесе ауланың кемшіліктерін байқамай қалуыңыз мүмкін. Үйдің барлық кемшіліктерін суретке түсіріп жүріңіз. Суреттер арқылы барлық көрген үйлеріңізді бір-бірімен салыстыра аласыз. Себебі үйді бірінші көргенде қандай да бір әсер қалады. Бірақ бірнеше күннен кейін осы әсерлер жоғалады. Сол кезде суреттерге қарап, оны объективті түрде бағалай аласыз. Терезеден көрінетін көрініске мән беріңіз. Мүмкін, сіздің балаларыңыз болса, сіз үшін олардың балалар алаңында ойнап жүргенін терезеден көріп тұру маңызды шығар.