Jas kenes siylygy”: Жастарға арналған конкурсқа қатысып, 1 миллион теңге ұтып ал

Автор: редактор 20 июня, 2024


“Jas kenes siylygy”: Жастарға арналған конкурсқа қатысып, 1 миллион теңге ұтып ал

🖇️ Жастарға арналған “Жас Кеңес Сыйлығы” конкурсына өтініш қабылдау басталды. Бұл туралы Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесі хабаралды. Конкурс күнделікті жұмысы көпшілікке көрінбейтін қоғамның маңызды салаларында жұмыс істейтін жас мамандарға арналған.

📌 Жүлделер “Жанқиярлық”, “Алтын Жүрек”, “Өнеркәсіп”, “Болашақ туралы қамқорлық”, “Адамгершілік”, “Көмек қолы”, “Біздің үй” атты номинациялар шеңберінде беріледі. Яғни, кез келген салада еңбек ететін 35 жасқа дейінгі азаматтар үміткер бола алады. Байқаудың жүлде қоры – 14 млн тг. Әр жеңімпазға 1 млн теңгеден бөлінеді.

📍ҚР 35 жасқа дейінгі экономиканың түрлі салалары бойынша жұмыс жасайтын жастарға 7 номинация бойынша сыйлық беріледі.

💸 Сыйлық құны: 1 000 000 тг.

📌 Сыйлық бағыттары:

— Құқық қорғау органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және қоғамдық қауіпсіздік жүйесінің өзге де ұйымдарының өкілдері үшін
— Орта медициналық персонал (жедел медициналық көмек, акушерлер және т.б.) үшін
— Өңдеу өнеркәсібінің, тау-кең металлургия кешенінің, агроөнеркәсіптік сектордың, тамақ өнеркәсібі ұйымдарының қызметкерлері және өндірістік сектордың басқа да өкілдері үшін
— Мектепке дейінгі, орта, орта-арнайы білім беру мекемелерінің педагогтері, сондай-ақ мамандандырылған қызметтер көрсететін инклюзивті оқу орталықтарының қызметкерлері үшін
— Балалар үйлерінің, қарттар үйлерінің, хоспистердің, жануарларға арналған баспаналардың және осындай әлеуметтік қызметтер көрсететін өзге де ұйымдардың өкілдері үшін
— Қазақстанда және одан тыс жерлерде зардап шеккендерге және мұқтаждарға ерікті көмек көрсетуді ұйымдастыруда өзін танытқан еріктілер үшін
— Коммуналдық және инфрақұрылымдық қызметтердің, сондай-ақ елді-мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты өзге де ұйымдардың өкілдері үшін

📍Шарты мен талабы:

Қазақстан Республикасының азаматтары
3 іріктеу кезеңі
35 жасқа дейін
Жүлде 1 миллион теңге
Әртүрлі экономика саласы бойынша 7 номинация
Әр номинацияда 2 жеңімпаз